×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Қазақстан аумағында 591 524 жеңіл автомобиль тіркелген

Қазақстан аумағында 591 524 жеңіл автомобиль тіркелген

Қазақстандағы автокөліктердің саны қанша деп ойлайсыз? Статистика агенттігінің дерегіне сәйкес, ел аумағында  591 524 жеңіл автомобиль тіркелген.

Бұл өткен жылғы көлік санынан шамамен 19 пайызға көп. Темір тұлпарлардың 84 пайызға жуығы бензинмен жүреді. 10 пайызына түрлі жағармай багы орнатылған.

5,3 пайызы дизель құяды. Жарты пайызы электромобиль болса, қалғаны таза газбен жүреді. Биыл ел жолдарында 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Былтырғымен салыстырғанда, апаттар саны 6 пайызға азайған. Сақтандыру ұйымдары көлік иелеріне 17 жарым млрд теңге төлем жасаған.