×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық медиа форумы өтіп жатыр

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық медиа форумы өтіп жатыр

Алматыда кешеден бері Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық медиа форумы өтіп жатыр.

«Сананың ашықтығы» деп аталған жиынға аймақтардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметінің өкілдері мен елімізде түрлі тілде шығатын басылымдардың журналистері қатысуда.

Аршын Кемелжан, тілші:

–Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық медиа форумының жұмысы кеше басталды. Жиынның бірінші күнінде көрерменге танымал тележурналистер мен блогерлер шеберлік сабағын өткізді. Олардың арасында біздің әріптестеріміз, «Хабар» арнасының танымал журналистері мен жүргізушілері де бар. Сондай-ақ пікірталасқа Парламент депутаттары, этномәдени орталықтардың өкілдері, Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттері қатысты. Форумның тақырыбы: Қоғамды рухани жаңғыртудағы баспасөздің ролі. Ал форумның екінші күнінде отандық және шетелдік журналистер сананың ашықтығы, журналистік этика және көпұлтты еліміздегі масс-медианы дамыту мәселелерін дамытуды талқылады. Ал шараға Германия, Латвия, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген БАҚ өкілдері қатысуда. Енді осы форумға қатысушылардың пікірін тыңдап көрейік.

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: 

– Этносаралық мәселелер – өте шетін мәселелер. Оларды объективті, мұқият қарап, мұқият жазу, сөздің құдіретін түсіну деген мәселелер осындай алаңдарда әңгіме болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп жатқан үлкен шара. Менің ойымша, мұның тек студенттерге ғана емес, кәсіби журналистерге де үлкен пайдасы бар деп. 

Енді бір сағаттан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер арасында жыл сайын өткізетін «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталып, форум жұмысы қорытындыланады.