ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ШҚО-ның Ұлттық аспаптар оркестрі ауыл мен аудандарды аралайды

ШҚО-ның Ұлттық аспаптар оркестрі ауыл мен аудандарды аралайды

Байжігіт атындағы Шығыс Қазақстанның облыстық Ұлттық аспаптар оркестрі де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша алыс ауылдар мен аудандары аралап, концерттік бағдарлама бермек.

Оған оркестрдің мүмкіндігі жетеді. Биыл ұжымға дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген бірнеше әнші қабылданған. 2001 жылы облыстық филормония негізінде құрылған өнер ұжымында 49 адам еңбек етеді. Көбі – музыка саласындағы жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар.

Шалқар Рысханов, Байжігіт атындағы Ұлттық аспаптар оркестірінің бас дирижері:

Осы маусымашар концерт жаңа бағдарламадан тұрады. Әртүрлі жаңашылдықтан тұрады. Атап өтер болсақ, бұл жердегі көрермен талғамына қарай қазақ ұлттық аспаптар оркестрі қазақтың ұлттық мәдениетін ғана емес, шетел классиктерінің, қазіргі заман сазгерлерінің, әлемге аты танымал сазгерлер туындыларын орындайды.