ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Татарстанда Қазақстан-Ресей бизнес форумы басталды

Татарстанда Қазақстан-Ресей бизнес форумы басталды

Татарстанның Қазан қаласында «Қазақстан-Ресей» бизнес форумы басталды.

Сауда миссиясын «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясының өкілдері бастап барды. Қос тарап өзара әріптестікке үлкен үміт артып отыр. Форум 30 отандық және 80 ресейлік компанияның басын қосты. Бүгінде Қазақстанда Ресей капиталының қатысуымен 1000 компания жұмыс істеп жатыр. Отандастарымыз да солтүстік көршінің нарығында емін-еркін ісін дөңгелетуде. Татарстанға сапарлап баруда үлкен мән жатыр. Республика – Ресей Федерациясы құрамындағы экономикалық өсім бойынша көшбасшы елдердің бірі.

Рустам Минниханов, Татарстан Республикасының Президенті:

Екі ел арасында қалыптасқан жылы қарым-қатынас үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Бізді бір экономикалық кеңістік байланыстырады. Осының арқасында бірқатар жобаны жүзеге асырып отырмыз.