ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ҚХА ұйымдастырған ІІІ халықаралық медиафорум өз мәресіне жетті

ҚХА ұйымдастырған ІІІ халықаралық медиафорум өз мәресіне жетті

Алматыда кеше басталған ІІІ халықаралық медиафорум аяқталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған жиынға қатысушылар бүгін қоғамдағы рухани сананы жаңғыртудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, журналистік этика және көпұлтты еліміздегі масс-медианы дамыту мәселелерін талқылады. Пікірталасқа Германия, Латвия, Ресей және Өзбекстан журналистері де қатысты. Жиын соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер арасында жыл сайын өткізетін «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

– Осындай алаңдар біздің маман даярлауызда және болашақ журналистерімізді дұрыс бағытқа, оларды объективті, мұқият қарап, мұқият жазу, сөздің құдіретін түсіну деген мәселенің барлығы осындай алаңдарда әңгіме болады.