ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қылмыстық іске қатысты шұғыл шешім қабылдаудың тың тәсілі енгізілмек

Қылмыстық іске қатысты шұғыл шешім қабылдаудың тың тәсілі енгізілмек

Қазақстандықтардың азаматтық құқығы қашан да мемлекет назарында.

Осы мақсатта қылмыстық істерді жедел қарау үшін жыл басынан бері Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі арнайы пилоттық жобаны енгізді. «Қылмыстық істерді оңтайландыру» жобасы қазір Астана қаласының Алматы аудандық ішкі істер басқармасында іске асуда. Пилоттық жобаның арқасында соңғы 10 айда 500-ге жуық қылмыстық іс үш тәуліктің ішінде шешілген.

Айбар Төлжанұлы, тілші:

– Затыңызды ұрлап кетті, не істейсіз? Тәртіп сақшыларына барасыз, арыз жазасыз. Қазір бұрынғыдай емес, полицейлер ұрыны ары кеткенде 3 күннің ішінде ұстап береді. Егер сіз кешірім беріп жатсаңыз, затыңызды не ақшаңызды аласыз.

Енді шағымы бар адам прокуратураға шапқылап уақытын кетірмейді. Алматы аудандық ішкі істер басқармасының кіреберісінде полицейлермен бірге прокурорлар отырады. Шағымыңызды қарайды, қылмыстық істін жүргізілуін бақылайды, қажет болса, кеңес береді.

Аягүл Тұранова, Алматы аудандық прокуратурасының прокуроры:

– Кезек күттірмеу үшін біздің прокурорлар кезекшілікпен осында келіп тұрғындарды қабылдайды. Мысалы, кейбір кісілердің сұрағы полицейлерге мүлдем қатысы жоқ. Біз бірден жауабын береміз, егер қылмыстық істер болса, жедел түрде сотқа жібереміз.

Полицейлер күдіктіні ұрып-соғып, қылмысты мойындатады деген алыпқашпа әңгіме енді мүлде қисынға келмейді. Өйткені қазір күдіктіні оқшауланған, қараңғы бөлмеде емес, шыны қабырғалы кабинетте тергейді. Бәрі алақанға салғандай көрініп тұр. Кабинеттің ішіндегі камера арқылы тергеліп жатқан адамның туған-туысы да, жауап алу процесін бақылай алады.

Ербол Шаукентаев, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі:

– Осы жобаның арқасында бүгінгі күнде 499 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол 73 пайыз ретінде болады. Бір күн және үш тәулік ішінде қылмыстық істерді сотқа жібереді және келген адамдардың өтініштерін тез қарап, мәселесін шешіп береді.

Бекзат Қайырбеков, қала тұрғыны:

Осы Алматы АІІБ қызметкерлерін ризамын. Себебі менің қарындасымның ұрланған телефонын қысқа мерзімде тауып беріп, сол істі сотқа жолдады.

Адам өлтіру, адам ұрлығысекілді ауыр қылмыстарды ашу да, бұрынғыдай емес, қазір біршама жеделдетілген. «Алайда үш тәуліктің ішінде істі тергеп аяқтауға септесетін пилоттық жоба еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асса, елдегі қылмыс саны біраз азаяр еді», – дейді мамандар.

Авторы: Айбар Төлжанұлы