ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Павлодар облысында жас мамандар баспаналы болды

Павлодар облысында жас мамандар баспаналы болды blogspot.com

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында жас мамандарға пәтер кілті табыс етілді. Баспаналы болғандардың бірі – жас дәрігер Аяулым Мұсаханова.

Ол Семей мемлекеттік медициналық академиясының түлегі. Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауданға 3 дәрігер мен 5 орта буынды қызметкер келген. Аудандық денсаулық сақтау саласы биыл тағы 7 маманмен толықты. Оның бесеуі  жоғары білімді. Қазіргі уақытта аудан халқының саны 12 мыңнан асады. Тұрғындарға 21 жоғары білікті дәрігер мен 100-ден астам орта буынды медицина мамандары қызмет көрсетеді.

Аяулым Мұсаханова, жас маман:

-Бәрі жақсы қарсы алып жатыр, әкімдерге де рақмет! Бізге үйді жақында береміз деп айтқан. Енді міне беріп тұр, қуаныштымыз. Біздің ұлымыз Семейде еді. Енді үй алғаннан кейін ол баламызды жанымызға аламыз.

Гүлбақыт Құрманғалиева, Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері:

-Мен өзім осы ауданға 2003 жылы жас маман болып келген болатынмын. Ең бірінші келген жас мамандардың бірімін. Бүгін міне 15 жылдың көлемінде осы ауданда қызмет атқарып жатырмын. Мына туберкулез, онкологиялық, сонымен қатар жүрек ауруларына өте ерекше көңіл бөлінеді. Ана мен бала денсаулығы, соның бәрі бірінші орында тұр. Қазір дәрігерлер профилактика жұмыстарын күшейтуде.