ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер қарастырылды

Мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер қарастырылды

Мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзған кәсіпкерлер келтірілген зиянның деңгейіне қарай жауапкершілікке тартылуы керек.

Бүгін Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында осындай ұсыныс жасады. Бизнес өкілдерінің айтар шағымы көп. Жыл басынан бері кәсіпкерлер палатасына 231 өтінім түскен. Соның 20 пайыздан астамы осы салаға қатысты. Мәселен, кәсіпкерлер қатысушылар тізіміне негізсіз енген.

«Сондықтан мемлекеттік органдардың тарапынан жасалатын заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату керек», – дейді палата өкілдері.