ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қостанай облысында азық-түлік қоры жеткілікті

Қостанай облысында азық-түлік қоры жеткілікті

Қостанай облысы биыл азық-түлік қорын барынша қамдап алды.

Былтыр көктемде кейбір тағам түрлерінің бағасы күрт көтерілгендігі мәлім. Енді ондай өсімге жол бермеу үшін тұрақтандыру қорына өткен жылға қарағанда 4 есеге көп картоп, екі есе артық ет сатып алынды. Оның сыртында алғашқы рет сүт, сары май қоры дайындалды. Жалпы бұл мақсатқа 600 миллион теңге жұмсалған. «Қолда бар азық-түлік қоры келер жылдың шілде айына дейін жетеді», – дейді сала мамандары. Бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін арагідік азық-түлік интервенциясы өткізіліп тұрады. Алғашқы күзгі жәрмеңке 25 қарашаға белгіленіп отыр. Онда сатылатын тауарлардың бағасы әдеттегіден 25-30 пайызға арзан болмақ.

Әділбек Оразбаев, Қостанай облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

Көктемде картопқа үлкен сұраныс туындады. Ақпан-наурыз айларында сиыр еті қымбаттап кетті. Сүт өнімдеріне де тапшылық байқалды. Биыл ондай жағдайлардың алдын алып отырмыз. Қазіргі тұрақтандыру қорындағы 3,5 мың тонна азық-түлік жаз мезгіліне дейін бағаны тұрақты ұстауға толық жетеді.