ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр

Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын орындау барысында 640 млн теңге үнемдемек.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ведомство басшысының орынбасары Алексей Цой мәлім етті.

Жаңа жылға дейін елімізде денсаулық төлқұжаттарының электрондық нұсқасы жасала бастайды. Электрондық құжатта азаматтың қандай аурулармен ауырғаны, ем алғаны туралы толық мәлімет жазылады. Серпінді жоба жыл соңына дейін енгізілмек.

Сондай-ақ 2019 жылдан бастап дәрігерлер құжаттама жүргізудің қағазсыз форматына көшеді. Яғни амбулаториялық карталар, сырқат тарихы, рецептілер жазбасы, бәрі электронды болмақ.

Олжас Әбішев, ҚР ДСМ республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының бас директоры:

- Қазіргі жағдайда егер азамат медициналық мекемеге келіп, дәрігерге 30-40 минут өз жағдайын түсіндіретін болса, осылай ауырамын, 90-шы жылдардан бері ауырамын дейтін, бүкіл тарихын айтып келетін болса, біз оны жою арқылы азаматтар бойынша жиналған мәліметтерді әр ИИН-ге сәйкестендіре отырып, ортақ базаны құрамыз. 99,9 пайыз қауіпсіздік дәлелденген.

2018 жылы 116 млн теңгенің 6 әлеуметтік жобасы іске асырылады

Осы күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов азаматтық сектор өкілдерімен кездесті. Келер жылы министрлік құны 116 млн теңгенің 6 әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олардың дені темекі шегу мен маскүнемдіктің алдын алу, созылмалы ауруларды емдеуге бағытталмақ.