ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қарағандыда өткен өнер көрмесі репрессияның зардаптарын сан қырынан көрсетті

Қарағандыда өткен өнер көрмесі репрессияның зардаптарын сан қырынан көрсетті

Қарағандыда «Архипелаг КАРЛАГ» деп аталатын заманауи өнер көрмесі өтті. Жұртшылық назарына танымал суретшілер Алмагүл Меңлібаева, Айнұр Сәденова және Сырлыбек Бекботаевтың еңбектері қойылды.

Олар көрмені ұйымдастырмас бұрын бұл тақырыпты ғылыми зерттеу орталығымен бірлесіп, 3 жыл бойы әбден зерттеген. Әйгілі лагерьлердің орнында болып, мұрағат құжаттарын ақтарып, көп ізденіпті. Көрмеден түрлі инсталяцияларды тамашалауға болады. Суретшілер репрессияның саяси және әлеуметтік зардаптарын сан қырынан көрсетуге тырысқан. 

Сырлыбек Бекботаев, суретші:

-«Сылдырмақ» дейтін жұмыс, ол менің жұмысым болып келеді. Онда қазақ елінің, қазақ жерінің осында жер аударылып келген қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды өзінің бауырына алып, екінші Отаны етіп, олардың ары қарай ұрпақтарын жалғастыруға, олардың ұрпақтарымен қоса өздерін тербетуге арналған осындай бесікті метафора ретінде бердім.