ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қостанай облысында өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылады

Қостанай облысында өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылады

Қостанай облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт іске қосылады. Жаңа кәсіпорынның басты ерекшелігі – шикізатты терең өңдейтіндігі.

Бірінші кезекте сұйық май шығарады, сосын оны түрлі қоспалардан тазартады. Үшінші кезеңде мал азығын дайындауға қажетті күнжара өндіреді. Федоров ауданындағы бұдан басқа үш зауыт осы жыл ішінде 6 мың тоннаға жуық май алса, жаңа кәсіпорынның жылдық қуаттылығы жеті мың тонна. Өсімдік майы Қазақстаннан тыс шетелдерге де экспортталады. Биыл алғашқы рет 400 тонна өнім Қытайға жіберілді. Өнім сапасын арттыру мақсатында, алдағы уақытта майлы дақылдар тұқымын сақтайтын элеватор салу жоспарда бар.

Тәуба Исабаев, Федоров ауданының әкімі:

-Федоров ауданында салынатын элеватордың сыйымдылығы 50 мың тонна деп белгіленіп отыр. Бір-екі жылдың ішінде құрылысты аяқтап, тапсыру міндеті тұр. Қазір біз жер телімін анықтап қойдық, жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Бұл майлы дақылдармен айналысатын шаруашылықтар арасында бәсекелестікті арттырары анық.