ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қызылорда облысында ескі жарық желілері жаңғыртылуда

Қызылорда облысында ескі жарық желілері жаңғыртылуда

Аймақта халық санының артуына байланысты инфрақұрылым тартылмаған жерлерге қоныстанушылар қатары артқан.

Соның бірі – Сабалақ саяжайы. Онда кезінде 100-дей ғана үй болған. Ал қазір 3 мыңдай тұрғыны бар үлкен елді мекенге айналды.

Бірақ электр желілерін тұрғындар кезінде өз күштерімен тартып алған. Сәйкесінше, жарықтың кернеуі өте төмен еді. Осы мәселені шешу үшін биыл жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлініп, 26 шақырымнан астам ұзындыққа талапқа сай жарық желісі тартылды. Сонымен қоса, 4 қосалқы станса орнатылды. Жалпы соңғы екі жылда облыста 100 шақырымнан астам иесіз электр желілері жаңартылып, меншікке алынған.

Мұхитжан Кәрімбаев, «Қызылорда электр тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

–360 км-ден 260 км-ге дейін иесіз желілерді азайттық. Сондықтан қазір ол жерде жобалық-сметалық құжаттар біздің облыстық бюджеттің есебінен дайындалып жатыр. Сол жобалық-сметалық құжаттар дайын болғаннан кейін келесі жылдары қаржы бөлінсе, сол жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.