ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Талдықорғанда студенттер ең ұтымды стартап-жобаларын ұсынды

Талдықорғанда студенттер ең ұтымды стартап-жобаларын ұсынды

Талдықорғанда студенттердің ең ұтымды стартап-жобаларын анықтауға арналған дәстүрлі байқау мәресіне жетті.

Оған 60-қа жуық өтініш түскен. Дені экономика мен ауылшаруашылық салаларына арналған. IT-технология мен медицина бағытында бақ сынағандарда аз болған жоқ. Жеңімпаздарға сый-сияпат көрсетілді. 

Жүлдегер атанғандардың қатарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері әзірлеген жоба да бар. Олар аула көгалдандыру жұмыстарына қар мен жаңбыр суын пайдаланудың тың жолын ұсынған. Жобаның бағасы – 3 миллион теңге.

Әділет Айтқазы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті:

– Бұл қар және жаңбыр сулары еріген уақытта ол суларды жинап, сол арқылы университет көлемінде көгалдандыру жұмыстарына өте тиімді және пайдалы болып табылады. Егер де 3 миллион теңге бөлетін болса, 4 жылдың көлемінде университетке 8 миллион теңгеге дейін пайда алып келеді.