ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елбасының қатысуымен Астанада жалпыұлттық телекөпір өтті

Елбасының қатысуымен Астанада жалпыұлттық телекөпір өтті

Елімізде индустрияландыру бағдарламасы аясында бүгін тағы 25 жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады. Өндіріс орындары жалпыұлттық телекөпір аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен іске қосылды.

Елбасы атқарылған жұмыстарды саралап, Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді. Өйткені бұл алып жоба Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында. Сондай ақ орайы келгенде шетелдік есепшоттарда қыруар қаражат ұстап отырған отандық компаниялардан қаржыны елге қайтаруды талап етті.

Мұхтар Ыбырайым, тілші:

– Индустрияландыру картасы – дағдарысқа қарсы бағдарлама ғана емес, бұл мемлекетті жаңа экономикаға жетелейтін ұлттық жоспар. Тың технология, инновация, заманауи инфрақұрылым мен цифрлық дәуірге жасалған үлкен қадам. Ал оның әлеуметтік-экономикалық серпілісі бүгіннен бастап сезіліп жатыр. Бағдарлама басталғалы мыңнан астам кәсіпорын ашылып, 100 мың жұмыс орны құрылды. Бұл – индустриялық-инновациялық стратегиянының басты жемісі.

Қазір – екінші бесжылдықтың бел ортасы. Идустрияландырудың алғашқы бес жылы белсенді, әрі жемісті аяқталғаны ел есінде. Енді екінші кезеңге сенім мол. Бұл аралықта 127 нысан қолданысқа берілген. Аз дей көрмеңіз. Санға емес, жұмыс сапаға бет бұрды. Іріктеу талаптары күшейіп, тек жүзден жүйрік жобалар ғана таңдалады. Бүгін сол тізімді 25 нысан толықтырды. Бірі-бірінен асатын үздік жобалар. Дені – мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, инфрақұырылым, машинақұрастыру, фармацевтика мен сандық технологиядарға негізделген кәсіпорындар. Бастысы оларға жұмсалған қаржының экономикалық қайтарымы зор болмақ. Бұған Елбасы сенімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– На госпрограмму инновационно-индустриального развития предприятия, которые сдали за эти годы, произвели продукцию на 9,5 трлн тенге, а затрачено было 5,2 трлн тенге. Разницу чувствуете? То есть мы сторицей возвращаем вложенные деньги в этот объект, а не просто тратим. Это должны народ знать, и мы сами должны знать.

Игі дәстүр бойынша, серпінді жобалардың тұсауын Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы кесті. Солардың алғашқысы – Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы. Кәсіпорын минералды шикізатты кешенді өңдеумен айналысады.

Баламир Маханов, «Қазақалтын»ТКМК» АҚ бас директоры:

– Құрметті Елбасы! Сіздің индустрияландыру саясатыңыздың арқасында ТМД арасында алғаш болып құрамында бағалы металлдар бар техногендік минералды түзілістерді өңдеу кәсіпорнын ашқалы тұрмыз. Жоба іске қосылған соң 7 млн тонна өңдеуге мүмкіндік туады.  Алғашқы жылдары Доре қорытпасы 4 тонна алтын, 2 тонна күміс өндіретін боламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл – өте үлкен, қажет жоба. Алтын деген қазір біздің валютаның негізі болып отыр. Қазақстанда әр жерінде 150-ден артық кен орыны бар. Соның бәрін игеретін болсақ, өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің байлығын одан әрі көтереміз. 4 тонна алтын шығару деген бұл үлкен өндіріс болып саналады. Мен өте қуаныштымын. Баршаларыңды құттықтаймын осымен. Барлық жұмыскерлерге осыны қосқан үшін ризашылығымды білдіріп, зор табыстар тілеймін. Қосыңдар!

Жасыл экономикаға өту – отандық автоөндіріс саласындағы тағы бір ауқымды жобаның дүниеге келуіне ұйытқы. Сөйтіп Қарағанды облысында автокөліктерді жоюға арналған өндіріс пайда болды. Ескі көліктерді кәдеге жаратып, шойын, болат, алюминий сияқты түсті металлдарды алу – жаңа бағыт.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Это первое предприятие такого плана в Казахстане. Вот вы смотрите, мы когда начинали первые шаги независимости, в Казахстане было всего 700 тысяч автомобилей. Сейчас около 5 млн. Они изнашиваются как и все в жизни. И они засоряют окружающую среду. А вы используете на благо. Вытаскиваете все, что необходимо. Провода, цветные металлы. А учитывая, что у нас в стране сейчас производится 18 типов автомобилей, ваша работа имеет большую перспективу. Вот из таких предприятий создается благо. Вообще, переработка бытовых отходов очень важна. А это высокий уровень переработки.

Ауыл шаруашылығында да өңдеуге бағытталған жобалар көбейіп жатыр. Телекөпір барысында Президент 3 бірдей жаңа өндірісті іске қосты. Келешекте бұл сала жаңа өсу моделінің қозғаушысына айналады деген үміт зор. Басты мұрат – Қазақстанды азық-түлік өнімдерін экспорттаушы ірі елге айналдыру.

Сейілжан Сайлаубаев, «Шығыс - Сүт» ЖШС бас директоры:

– Құрметті Елбасы! Біздің өндіріс – Сіздің индустрияландыру саясатыңыздың нәтижесі. Жобаға 4,6 млрд теңге инвестиция құйылып, 245 жаңа жұмыс орны ашылды. Біз құрамында 4 сүт тауарлы ферма, 10 сүт қабылдау пункті, 18 фирмалық дүкенді біріктіріп сүт кластерін құрдық. Өнімнің 70-ке дейінгі түрін шет елдерге экспорттауға дайынбыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біздің аграрлық сала Қазақстанның өсіп, өркендеу, экономикасының негізгі күшіне айналуы керек. Себебі дүниежүзінде таңертең, түсте, кешке тамақтанбайтын адамдар жоқ. Халық көбейіп келе жатыр. Жылдан жылға сұраныс та көбейіп келе жатыр. Басқаша тұтынып келе жатыр сол тамақтарды. Сондықтан біз өңдей алмай, өндірісімізде ешқайда шыға алмаймыз. Мынау жасап отырғандарың жіберетін өндіріс бізге өте қажет. Үш облыста үш  үлкен өндіріс қосып отырсыздар. Үлкен табыстар тілеймін.

Индустрияландыру картасы аясында елдің инфрақұрылымы да біршама дами түсті. Қазір Қазақстанды Еуразияның 5 темір жол және 6 авто дәлізі басы өтеді. Олардың үшеуі қайта түледі. Сөйтіп бағдарлама басталғалы 3200 шақырым автожол салынды. Жартысы «Нұрлы жол» аясында. Жалпы тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстан арқылы тауар тасымалдау барлық ел үшін тиімді. Төрт тарапты түйістірген ұлы дала жаңа мүмкіндіктердің мекеніне айналды. Бүгін бұл инфрақұрылым қанат жайып, тағы 4 жоба жұмысын бастады. Құрық порты, «Ақтау-Бейнеу» тас жолының бір бөлігі, жаңа авиациялық-техникалық орталық пен оңтүстіктегі көлік-логистикалық кешен ел игілігіне қызмет етуге дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Что мы сделали за эти годы. Это колоссальные работы по всему Казахстану. В рамках индустриальной программы и «Нұрлы жол» мы построили 4,5 тыс. км, еще 4,5 тысячи предстоить. То есть мы полностью изменяем карту, мы полностью меняем транспортные услуги Казахстана и нашу структуру. И вы являетесь теми, кто осуществяет великую задачу мәңгілікке, ұрпақтарға кететін мәселені жасап жатырсыздар. 50-100 жыл өткен соң бабаларымыз салып кеткен деп айтып жүреді. Құттықтаймын. Осындай ұлы жобаларға қатынасқандарың үшін. Елге үлкен жақсылық жасадыңдар! Жіберіңдер объектілерді.

Тағы бір ақжолтай жаңалық отандық өндірістер цифрлық технологияларға өте бастады. Алғашқы қарлығыштарына Елбасы тілектес болды бүгін. Бұл ауқымды жұмыстың басы ғана. Жақын болашақта цифрландыру табысты еселей түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Более 2 трлн тенге добавки, то есть 30% роста экономики будет составлять внедрение "Цифрового Казахстана". Это важная новая отрасль, можно сказать, главная задача, которая стоит перед Правительством. Сможет сделать это Правительство - сможет, не сможет, то должно другое правительство работать! Вот так стоит вопрос. Настолько серьезно я обостряю. «Цифровой Казахстан» - это наше будущее. Это шаг вперед, это сокращение расходов, это производительность труда, это высокое качество продукции, это возможность войти в 30 развитых стран мира.

Сандық, инновациялық технологияларға негізделген жобаларды демеп-жебеу үшін Қазақстан халықаралық шалалар өткізіп, іргелі орталықтар да ашып жатыр. Дегемен олардың әлеуетін пайдалана білу маңызды. Жиында Президент ЭКСПО-да көрсетілген ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізу жайын қарастыруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 – Мы успешно провели ЭКСПО, на ее площадке было продемонстрировано 140 научных изобретений в области возобновляемых источников энергии. Прошло 2 месяца, и уже начали забывать, что у нас ЭКСПО было! Но я не забуду! Для чего мы проводили? Для чего провели колоссальную работу?! Нам пришли показать самые лучшие достижения мира! Пришли показали, по моей команде они все засняты должны Были. И теперь будем спать? Забыли? ничего подобного! Правительству нужно выстроить работу по практическому применению и использованию этих новаций. Поехать в эти страны, посмотреть, как работает, подумать, как это у нас может заработать. То есть практическое применение этих новаций лежит полностью в ответственности Правительства.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алатау» инновациялық технологиялық паркінің қызметіне көңілі толмады. Құрылғанына талай жыл. Бірақ нәтиже көзге көрінетін емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы его создаем много лет, потратили огромные средства, а отдачи не видно пока что, что они делают. Кто-нибудь в Правительстве, может быть, знает? Чем занимаются? Огромные площади, помогаем, вкладываем деньги, создаем инфраструктуру, теперь вы должны точно так же отдавать. Вот алматинскому акиму, который занимается ПИТ-ом и Правительству, министерству надо досканально разобраться что он там делает, мы вообще будем закрывать ПИТ или будем развивать или что то н будет давать нам.

Телекөпірде тағы бірнеше инвестициялық жоба іске қосылды. Осы күнге шейін индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін 26 млрд доллар сырттан тартылған. 25 елмен құны 50 млрд долларды құрайтын 158 жобаны жүзеге асыру жөнінде келісім бар. Соның 76-сы жүзеге асып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Екінші экономика жасауымыз керек. Өздеріңіз қарап отырыңыздар, мынау алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі Оңтүстік Кореяда  бір түйір көмір де жоқ. Ақылменен, ойменен, тек қана біз білектің күшіменен, жерді қазып, қопарып, кенді далаға шығаратын қазақ болмай, ел-жұрт сияқты ақылмен, оймен, парасатпен ақша табатын нәрсеге келуіміз керек. Мен көрген Израильде тұрған Тельавивте тұрған кішкентай зауыт біз отырған зал сияқты жыл сайын 10 млрд доллар ақша табады.

Шетелдіктермен бірге отандық кәсіпкерлердердің де инвестициялық әлеуеті зор. Оған Елбасы нық сенімді. Алайда қалталы азаматтар ақшасын шетел асырып, жасырын сақтағанды жөн санайтын сыңайлы. Нұрсұлтан Назарбаев  мұнымен күресті күшейтуді тапсырды. Қаржыны заңдастыруға көңілі толмаған Президент, кәсіпкерлерге соңғы ескерту жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Выводят капитал из Казахстана, держат за рубежом. Бакытжан Абдирович, с завтрашнего дня начинайте разработку проекта законов, чтобы зажать и заставить, чтобы держали деньги. Я когда проводил легализацию, чтобы они спокойно привезли деньги сюда и гарантировал, что никто не тронет, три  легализации было, хоть кого-нибудь копнули? Хоть кого-нибудь привлекли к ответственности, то есть есть вера. Почему вы держите? В сегодняшней жизни, турбулентности законов, вы потеряете деньги, которые держите за бугром! Разве не видите этого? В условиях санкций. И никто вам не поможет. Возвращайте деньги и держите в Казахстане. Какая гарантия нужна вам? Законами? Указами? Я это сделаю! Не сделаете это, мы сделаем сами! Не обижайтесь только, я говорил тогда еще. Почему вы так делаете? Зарабатывая на казахстанских ресурсах, работая у нас, и держите деньги там. Почему эти деньги не работают на Казахстан? Поручаю Правительству как акционеру разобраться и доложи мне. С каждым поговори. Если не сделаете, тогда предупреждаю, что по-другому буду работать, как возвратить эти деньги, но вас уже не будет.

Елбасы жаңа нысандармен жұртышылқты сергіткенмен, өткен олқылықтардың да орнын толтырып отыруға назар аударды. Қолға алынған жоба елге қызмет етіп, қомақты нәтиже әкелсе игі. Индустрияландырудың мақсаты да сол. Шикізатттан тәуелсіз экономика жасақтап, жарқын болашақтың іргесін қалау. Бір қуантарлығы серпінді бағдарлама қазір де жемісін беруде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары бәсеңдеген экономикалық даму биылғы жылдың 10 айында 4 пайыз өсім көрсетті.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Индира Жылқайдарова, Айдос Меделбеков