ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтауда өткен еңбек жәрмеңкесінде 120 адам жұмыс тапты

Ақтауда өткен еңбек жәрмеңкесінде 120 адам жұмыс тапты

Каспийдегі ел шебін күзету үшін штурман, байланыс қызметкерлері мен кинологтар қажет.

«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы Ақтауда өткен еңбек жәрмеңкесіне алғаш рет қатысып, жұртшылыққа бос жұмыс орындарын ұсынды. Мұндай жәрмеңке биыл осымен он төртінші рет өткізіліп отыр. Нәтиже жаман емес, 120 адам жаңа жұмыс тапқан. Бүгінде аймақта қаржыгер, есепші, дәрігер мен техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Қала әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңкеге әскерилер мен мемлекеттік мекемелер және құқық қорғау органдары да қатысты.

Ербол Молдашев, ҚР ҰҚК «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бөлім басшысы:

– Теңізде жүзу мамандары, электромеханик, штурмандар керек. Сол бойынша біз жәрмеңкеге қатысып отырмыз. Тұрғын үй мәселесі жөніндегі заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондықтан 2018 жылдан бастап әскери қызметшілердің жағдайы жақсарып, үй мәселесі шешіледі. Сондықтан әскерде қызмет етудің маңызы бар екенін жұрттар түсінуі керек.