ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сырдың суын пайдалану бойынша жұмыс тобы құрылады

Сырдың суын пайдалану бойынша жұмыс тобы құрылады

Қазақстан Сырдария өзенін пайдалану бойынша Қырғызстанмен екіжақты келіссөз жүргізіп, жұмыс тобын құруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін су саясаты жөніндегі кеңесте трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Игорь Коваль хабарлады. Екі ел арасындағы Шу, Талас өзендері бойынша ешқандай проблема жоқ. Ал Сырдария бойынша қазір Орталық Азиядағы 5 мемлекет арасында комиссия құрылған. Бірақ Қазақстан үшін Қырғызстанмен жеке келіссөз қажет. Біздің ел Тоқтағұл су қоймасынан жазда тұтынған суды қыста электр қуатымен өтеуге келіскісі келеді.

Жалпы Қазақстан тұтынатын судың 50 пайызын трансшекаралық өзендерден алады. Елімізде ашылған халықаралық суды бағалау орталығы осы салада аймақтық серіктестікті нығайта түсуі тиіс.

Франческа Бернардини, БҰҰ ЕЭК шекараралық су жөніндегі конвенция хатшылығының басшысы:

- Бұл орталық шекараралық суды тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек. Осы ретте Қазақстанның тәжірибесі зор. Халықаралық суды бағалау орталығы су мәселесін шешуде түрлі бастама көтеруге де септігін тигізетін болады.