ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Хабар» Агенттігінің тілшісі Айгүл Әділова «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» байқауының жүлдесін жеңіп алды

«Хабар» Агенттігінің тілшісі Айгүл Әділова «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» байқауының жүлдесін жеңіп алды

Тұңғыш Президент қоры жариялаған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» байқауының 12 жүлдегері анықталды.

Үміткерлерге мемлекет дамуының кезеңдері мен Мемлекет басшысының бастамалары туралы сауатты әрі сапалы материал дайындау талабы қойылған еді. Додаға бас-аяғы 450 өтініш түскен. Жүлде қоры – 6 млн 800 мың теңге. Бас жүлде алғандарға бір миллион теңге, қалған орындарға 500 мың және 200 мың теңгеден берілді. Арнамыздың тілшісі Айгүл Әділова «Ең үздік телевизиялық материал» аталымын жеңіп алды.

Айгүл Әділова, «Хабар» Агенттігі» АҚ тілшісі:

- Бізді елеп-ескеріп жатқанына өте қуаныштымын. Бұл журналистің ары қарай талмай еңбек етуіне серпін береді. Бізді осылай бағалап жатқанда қанаттана түсеміз. Бастысы халыққа жылдам, шынайы ақпарат жеткізуіміз керек.