×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

Қоғам

Астанадағы көше атауларының 90 пайызы қазақыланды

Астанадағы көше атауларының 90 пайызы қазақыланды

Ел ордасының 20 жылдығына орай Астана туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

Бас шаһардағы көше атауларының 90 пайызы қазақыланды. Жыл сайын ономостикалық комиссия мүшелері бұрынғы Кеңес дәуірінен қалған атауларды өзгерту мақсатында қыруар жұмыс атқаруда. Мәселен, биыл бас шаһарда 2 көше жаңа атауға ие болды. Олардың бірі – Мәңгілік Ел болса, келесісі – Ұлы Дала. Қазіргі таңда Астана қаласында 944 көше бар. Оның 16-сы даңғыл.

Әйгерім Жұманғалиева, тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- 1997-2017 жылдар аралығында елордада 852 көше қайта аталып, 417 көшеге жаңа атау берілді. Қазақстанның Тәуелсіздігін бейнелейтін атаулар бар. Мысалы, Алаш, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала. Қоғам қайраткерлерінің есімдерімен аталған көшелер де бар. Мәселен, Жұмабек Тәшенов, Кенесары.