07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Халықты жұмыспен қамтуға арналған жоба аясында 2 мың адам оқытылады

Халықты жұмыспен қамтуға арналған жоба аясында 2 мың адам оқытылады

Халықты жұмыспен қамту мәселесінде көрсеткішті жақсарту үшін мемлекеттік деңгейде бірнеше жоба қолға алынуда.

Солардың бірі – «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бағдарламасы. Жоспарға сай алдағы уақытта 2 мың адам оқытылады. Бір сөзбен бағдарламаның берері мол.

2016 жылы басталған «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткішін арттыруға бағытталған. Осы мақсатпен арнайы оқу курстары өткізіледі. Оған жұмыссыздармен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да қатысуға құқылы.

Елдар Төлеков, Дүниежүзілік банктің жұмыспен қамту жобасының маманы:

– Еліміздің барлық аймағы бойынша жоба аясында оқуға қатысатындар саны 2 мың адамға жуық. Олар үшін арнайы шәкіртақы қарастырылған. Егер тыңдаушы басқа қаланың тұрғыны болса, оның жол және қонақүй шығыны да өтеледі.

Аталған оқу курстары мен бөлек кәсіпорындардағы қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру бойынша да арнайы тізім бар.

Елдар Төлеков, Дүниежүзілік банктің жұмыспен қамту жобасының маманы:

– Астана, Алматы, Шымкент және Павлодар қаласында тағы бір пилоттық жобаны қолға алдық. Онда азаматтарды жұмысқа орналастырудың жаңа әдісі қолданылады. Атап айтсақ, орталыққа түскен өтініштер тиісті санаттарға бөлінеді. Ол азаматтардың білімі, тәжірибесі мен өзге де мүмкіндіктері сарапталып, нақты қадамдар жасалады.

Тағы бір тың жаңалық – электронды еңбек биржасы. Осы жылы іске қосылған жүйеге барлық жұмыс беруші өз мекемесіндегі бос орындар туралы ақпаратты орналастыруына болады. Сондай-ақ олар үшін жұмыс іздеушілердің түйіндемесімен танысып, өзіне сәйкес келетін маманды таңдау мүмкіндігі де қарастырылған.

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Дәурен Жұрқабаев