07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматыда АТФ банкінің ұйымдастыруымен серіктестер форумы өтті

Алматыда АТФ банкінің ұйымдастыруымен серіктестер форумы өтті

Еліміздегі ірі қаржы институты мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, шағын және орта кәсіпті тұрақты қаржыландырып келеді.

Мысалы, биыл банк тарапынан берілген несие көлемі 2016 жылмен салыстырғанда, 112 пайызға артқан. Ал мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін несие көлемі де 70 пайызға артып, несие портфелінің бестен бір бөлігін құрап отыр. Банк бүгінгі форумда серіктестердің басын қосып, ойларын ортаға салды.

Серіктестер форумын ұйымдастырушы еліміздегі ірі қаржы институттарының бірі – 55 мың шағын және орта кәсіпті тұрақты қаржыландыратын АТФ банкі. Даму қорының жеңілдетілген несиесін тиімді ұсынған банктің серіктестер саны жыл сайын артып, сенімді кәсіпкерлер қатары да көбеюде. Солардың бірі Мүсілім Таласов АТФ банкі арқылы үлкен жетістіктерге жеткен.

Мүсілім Таласов, «ЭкоФарм Интернейшнл» компаниясының бас директоры:

– Банктің арқасында екі зауыт аштым. Онда қазір 600-ден астам жұмысшы істейді. Бұл – мен үшін айтарлықтай ірі жетістік. Алты пайыздық «Даму» бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмыз. Өте ыңғайлы. Сосын банкпен біздің арамызда үлкен сенімділік бар.

Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда, банктің табысы соңғы 9 айда 2,4 есеге артып, 11,4 млрд теңгеге жеткен. Қазіргі уақытта банк еліміздегі барлық маңызды мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы болып табылады. Яғни мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілген несие көлемі 2016 жылмен салыстырғанда, 70 пайызға артқан. Нәтижесінде 2013 жылдан бері кәсіпкерлер 18 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалған. Оған қосымша 5,5 мың жұмыс орны ашылыпты.

Энтони Эспина, «АТФ Банк» АҚ Басқарма төрағасы:

– Осы жыл біз үшін өте табысты болды. Нақтырақ айтсам, «Moody,s» халықаралық рейтинг агенттігі АТФ банкін депозиттік деңгейін жоғары бағалады. Өткен жылмен салыстырғанда, банк табысы 2,4 есеге артты. Яғни соңғы 9 айдағы табыс мөлшері 11,4 млрд теңгеге жетті.

Көптеген кәсіпкер үшін форумның маңызы зор. Яғни іскерлік саладағы табысты мамандармен танысып, банк басшыларына жаңа жобаларын ұсынып, қаржылай қолдау табуға мүмкіндік ашылады. АТФ банкі серіктестеріне тосынсый да ұйымдастырған. Форумның соңында әлемге танымал тележүргізуші Владимир Познер салалық дамудағы сырларымен бөліседі.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов