07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматылықтар ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтіп жатыр

Алматылықтар ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтіп жатыр

Егеменді еліміздің алтын бесігі саналатын Алматы қаласының тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері әдеттегідей Республика алаңындағы «Тәуелсіздік» монументіне келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр.

Алмас Сәдуақас, тілші:

Ұлтымыз үшін бүгін ұлы күн. Қилы кезеңді басынан өткерген, өр мінезді, текті ұлт қазақ елі ширек ғасыр бұрын өз Тәуелсіздігін асқақ Алатаудың етегіндегі Алматыда жариялады. Бұны алматылықтар мақтанышпен айтады. Бүгінгі мереке күні таңсәріден орталық алаңдағы Тәуелсіздіктің символына айналған монумент алдына өткенді еске алып, тәубе етіп, егемендіктің құндылығын бар жан-тәнімен сезінетін ағайын келіп жатыр. Мерекеге орай қала әкімдігі де арнайы іс-шаралар ұйымдастырған. Алматының Тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктері орасан. Әлеуметтік-экономикалық өсіммен қатар халық саны да жыл сайын артып жатыр. Сонымен қатар биыл қалада мыңдаған отбасы баспаналы болды. Осының барлығы елдіктің, татулық пен бірліктің Тәуелсіздіктің арқасы. Мерекелік іс шараға орай орталық алаңда әскерилердің қатысуымен марш өтті. Сайыпқыран сарбаздар халықтың рухына дем беріп, Тәуелсіздікті асқақтатын патриоттық әндерді әуелетті. Жалпы 16 желтоқсан ел жадында үнемі жаңғырып тұрары сөссіз. Саяси-идеологиялық кедергілерге қарамастан, келешегіне сенімді ұлт бұл мерекені ерекше қастерлейді. Ұрпағының санасы да тәуелсіз, рухы биік болғанын қалайды.