07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ел Тәуелсіздігі күнінде ҚР ІІМ қызметкерлері марапатталды

Ел Тәуелсіздігі күнінде ҚР ІІМ қызметкерлері марапатталды

Мерекеге орай ішкі істер органының қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды. 800-ден астам полицейге ведомстволық наградалар мен грамоталар табысталды.

Сондай-ақ Министр Қалмұханбет Қасымов Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Ішкі істер министрлігін басқарған азаматтарға жас мемлекеттің іргесін нығайтуға қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғыс білдірді. Олар Елбасының Жарлығымен «Құрмет», «Парасат» орденіне ие болды. Бүгінде қазақстандық полиция ерліктің үлгісін көрсетіп келеді. Соның дәлелі – Тәуелсіздік алғаннан бүгінге дейін ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 1 мың 246 қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды. Ал 946 полицей қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан.

Қайырбек Сүлейменов, ҚР Ішкі істер министрі (1995-2003 жж):

– Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскерилер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің іргетасын қалауға атсалысты. Министрлік өз міндетін абыроймен атқарды. Қанша полицей қаза тапты. Қаншасы жараланды. Біз олардың ел егемендігі жолындағы өшпес ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.

Болат Ысқақов, ҚР Ішкі істер министрі (2000-2001 жж):

– Бұл барша полицей қызметкерлеріне берілген марапат деп білемін. Бейбіт күнді қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерімді құттықтаймын. Қанша азамат бұл күнді көрмей кетті. Олардың ерлігін ешкім ешқашан ұмытпайды. Болашақ ұрпақ мақтан етіп, айтып жүруі керек.