07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстанның ғалымдары мен дәрігерлері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алады

Қазақстанның ғалымдары мен дәрігерлері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алады

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Атлетикалық ауылда сату үшін сатып алынған тұрғын үйлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлері - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің жас оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қоныстанды.

Жоба министрліктер мен «Нұрлы жер» бағдарламасының операторы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арасындағы бірегей келісім аясында жүзеге асырылды.

ҚИК жас ғалымдарға сатып алу құқығымен 240 пәтер ұсынады. Қолжетімді тұрғын үйлерді алуға үміткерлерді ведомстволар өздері іріктеген. Бір шаршының бағасы айына 1 119,23 теңгені құрайды, ал 20 жыл жалға беру төлемдерін төлегеннен кейін (немесе ертерек, мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар болса) пәтер жалға алушының меншігіне өтеді.

«Республикадағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру 2015 жылы басталды, осы кезеңде Қазақстан Ипотекалық Компаниясының бағыты бойынша жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алуды ендіру 16,1 мың пәтерді (916,5 мың шаршы метр) құрады», – деп атап өтті холдингтен.

Айта кетейік, жас ғалымдарға пәтерлер таза әрленген күйде тапсырылады.

Ақпарат көзі: Strategy2050.kz