07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ШҚО-да еңбегі ерен үздіктер Тәуелсіздік күніне орай марапатталды

ШҚО-да еңбегі ерен үздіктер Тәуелсіздік күніне орай марапатталды

Жылдағы дәстүрге сай Тәуелсіздік күні еліміздің әр түкпірінде түрлі салада ерен еңбегімен ерекше көзге түскен үздіктер марапатталады.

Шығыс Қазақстанда да биыл 50 азаматтың кеудесіне орден, медаль тағылып, құшағы гүлге толды. Еліміздің тәуелсіз ел атанғанына бүгін 26 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстанның даңқын асырып, мерейін үстем еткен азаматтар еңбегі ұлық мереке қарсаңында елеусіз қалмады. «Парасат» орденін иемденген Әсемхан Досқожанов бұл марапаттың өзіне үлкен сенім мен зор жауапкершілік жүктегенін айтады.

Әсемхан Досқожанов, «СемАЗ» ЖШС бас директоры:

-Қазақстандағы ең үлкен тұңғыш зауыт. Қазір көп зат шығарып жатырмыз. «Қазақстанда жасалған» дейді ғой. 40 пайыз отандық өнім «СемАЗ» зауытында шығарылады. Бүгін қуанышты күн. Елбасы еңбегіміз үшін марапаттап жатыр.

Өңірдің денсаулық саласында тер төгіп жүрген белді хирург, өңірдің бас урологы Нұрқұмар Қуандықовтың еңбегі «Құрмет» орденімен бағаланды.

Нұрқұмар Қуандықов, Өскемен қалалық №1 аурухананың бөлім меңгерушісі:

-Бұл менің ғана емес, ұжымның еңбегіне берілген баға. Әріптестеріміз болмаса, айтулы жетістікке жете алмас едік. Медицина саласы дамып келеді. Қазақстанның қазынасы түсті металлургиямен бағалы. Сондықтан бұл күні «Казцинк» кәсіпорнының да қанжығасы майланды. Өңірдің әлеуметтік түлеуіне сүбелі үлес қосуымен ерекшеленіп жүрген алып өндіріс ошағы салаға 11 млрд теңге құйған.

Никола Попович, «Казцинк» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы:

-Жиырмадан аса білім, спорт, денсаулық нысанының бой көтеруіне септестік. Мемлекетке қолдау көрсетуіміз керек. Халықтың тұрмысын түзеуге біздің үлесіміз тие бермек.

Тәуелсіз Қазақстанның абыройы – еңбекқор азаматтар. Ал еңбек қашан да бағаланатыны сөзсіз.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов