×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

2018 жылы Павлодарда бірнеше нысан бой көтереді

2018 жылы Павлодарда бірнеше нысан бой көтереді

2018 жыл Павлодар өңірінің жұртшылығын жағымды жаңалықтармен қуантпақ.

Бір жылдың ішінде бірнеше нысан бой көтермек. Атап айтқанда, Ертіс өзенінің жағалауы 5 жарым шақырымға жетпек. Сонымен қатар 1,5 мың адамға арналған концерттік зал мен тағы бір өлкетану музейінің құрылысы басталады.

Бұл туралы этномәдени бірлестік өкілдері мен ақсақалдар алқасымен кездесу барысында аймақ басшысы мәлімдеді. Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бастамаларға қолдау білдірді. 

Бақытжамал Максилова, «Нұр ана» бірлестігінің төрайымы:  

– Басқа ұлттардың біздің халықтарға, біздің елімізге деген көзқарастары басқаша. Себебі біздің елімізде – тек қана достық, бірлік. Осы барлық жұмысымыз сонымен жалғасып жатыр. Арман деген не? Армандау керек. Арманымызға жетік келе жатырмыз.

Эльмира Петросян, «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің төрайымы:

– Биыл диаспорамыздың мүшелерінің қатары артты. Армениядан көшіп келетіндердің қарасы қалың. Көпұлтты қазақ елі олардың екінші отанына айналып қана қоймай, сүйікті іспен айналысуға мүмкіндік берді. Біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесімізді қосқымыз келеді.