ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Павлодарда үздік металлургтер марапатталды

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 13:52

Осыдан 10 жыл бұрын Ертіс өңірінде алюминий өндірісі қолға алынды.

Үдемелі-индустриялық даму бағдарламасының алғашқы ілкімді жобасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосты. Осыдан 10 жыл бұрын заманауи өндіріс ошағының жылдық қуаттылығы 125 мың тонна болса, бүгінгі көрсеткіш – 250 мың тонна. Шикізат қана емес, қанатты металдан көлік дискілері мен қоспалы алюминий, яғни дайын өнім шығарыла бастады. Қазіргі кезде бұл кластерде 4 мыңға жуық білікті маман еңбек етіп жатыр. Мерейтой аясында бір топ үздік металлургтің мерейі тасып, марапаттарға ие болды.

Руслан Адамбай, цех маманы:

- Біз шығарып жатқан алюминий  өте сапалы және де бұл жан-жаққа, шет мемлекеттерге кетіп жатыр. Сонымен Қазақстанымызды танымал қылып жатыр. Өте ризамыз.

Сенатта кедендік реттеу туралы заң жобасы қаралып жатыр

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 12:17

Дәл қазір Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде жоғарғы палата депутаттары еліміздің кедендік реттеу заңнамасын талқылап жатыр.

Сенаторлар құжатқа бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізбек. Бұл туралы арнамыздың қорытынды жаңалықтарында толығырақ айтатын боламыз.

«Бизнестің жол картасы-2020»: жыл басынан бері 1948 жоба субсидияланды

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 12:00

Елде «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда.

Биыл желтоқсанның 1-іне дейін 1948 жоба субсидияланды, 929-ы кепілдендірілді. Тағы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 772 шағын несие берілді. Өз кәсібін енді домалатып жатқан кәсіпкерлерді оқыту мәселесі де оң шешімін табуда. Бүгінде кәсіпкерлік негізін 23 267 бизнесмен меңгеріп шыққан. Тағы 20 040 адам бизнес-тренингтен өтсе, шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментіне 421 өндіріс ошағының басшысы қатысқан.

Алматы облысында жылыжайдан алынатын өнім артып келеді

    Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2017 10:49

Алматы облысында жылыжай шаруашылығы жылдан-жылға қарқын алып, тұтынушыларды сапалы өнімдерімен қуантуда.

Бүгінде аймақта жалпы көлемі 75 гектардан асатын 83 жылыжай жұмыс істеуде. Оның 11-і биыл пайдалануға берілген. Олардан 28 мың тонна қияр мен қызанақ алынды. Бұл былтырғыдан 7 мың тоннаға көп.

Жеңіс Сәріпбеков, Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы:

- Осы биылғы жылдың соңына дейін 2 жылыжай, яғни Алакөл ауданында және Жамбыл ауданында 2 жылыжай іске қосылады деп күтіп отырмыз.