×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Атырау өңірінде жанармай тапшылығының мәселесі шешілді

    Жұма, 20 Қазан 2017 20:55

Атырау өңірінде жанармай тапшылығы жоқ. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, аймақта күніне 2 жарым мың тонна бензин өндіріледі. Отынның бағасы да тұрақты, литрі шамамен 151-158 теңге тұрады.

Үкімет үйіндегі брифингте Ноғаев өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы да баяндады. Қазір облыстың әрбір төртінші тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында едәуір өзгеріс бар. Жергілікті бизнес өкілдері мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын мүмкіндігінше пайдаланып, егіс алқаптарының көлемін 8 мың гектардан 25 мыңға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар өңір басшысы билік пен тұрғындар арасындағы байланыстың да барынша нығайып келе жатқанын атап өтті.

Алматыда көлік кептелісіне қарсы кешенді бағдарлама таныстырылды

    Жұма, 20 Қазан 2017 20:39

Алматыда алдағы 5 жылға арналған жолаушылар тасымалы және көлік қөзғалысын ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы таныстырылды.

Қазір Алматыда 1 млн 700 мыңнан астам адам тұрады. Халық саны артумен қатар көлік саны көбейді. Қалада 500 мыңға жуық авто тіркелсе, оған күн сайын Алматы облысы мен өзге өңірден келген 200 мың көлік қосылады. Сондықтан жол қозғалысы қиындап, кептеліс болады. Мегаполистің көшелері ыңғайлы орналасқандықтан, кептелістерді бір жақты қозғалыс көмегімен реттеу ұсынылды. Басымдық метро, жеңіл рельсті трамвайлар, велосипед жолдарына берілді.

Елорданың әкімшілік полициясы жол қауіпсіздігі жөнінен қабылдау өткізді

    Жұма, 20 Қазан 2017 19:42

Астана қаласының әкімшілік полициясы «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесіп, қала тұрғындарына қоғамдық мәселелер мен жол қауіпсіздік ережелері бойынша жолдағы қабылдау өткізді. Акцияның мақсаты – жол қауіпсіздігінің жаңа заңнамасы бойынша азаматтарға консультативтік және құқықтық көмек көрсету болып табылады. Бұл шара қала көшелері мен кіреберістеріндегі полиция бекеттері және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтті.

Жол қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы түсіндіру шарасы жылына екі рет көктем және күзде өткізіледі. Әкімшілік полиция және «Нұр Отан» партиясының өкілдері бұл дәстүрді биыл да жалғастырды. Акция аясында азаматтарға жол қозғалысына қатысты енгізілген жаңа ережелер мен «Сергек» жүйесінің жұмысы таныстырылды. Айыппұлдарға қатысты дау туындаған кезде не болмаса жеке тұлғаның құқығы бұзылған жағдайда қандай әрекет жасау керек екені түсіндірілді.

Нұржан Әділов, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

-«Сергек» қалай жұмыс істейді? Айыппұлдар қалай келеді деген секілді. Сосын мынау көптеген заңнамалар, өзгерістер бар ғой бізде, сол жағынан сұрақтар бізге қойылды. Соның бәрін азаматтарға түсіндіріп айттық.

Шара барысында бір сағатта қала тұрғындарынан оннан астам өтініш түсті. Соның ішінде қарбалас сағаттарда жол полициясы қызметкерлерінің көше қозғалысын қолмен реттеуінің тиімділігіне, жаңа аудандарда қосымша бағдаршамдар мен жаяу жүргінші өткелдерін орнату, қаладағы көлік ағынын азайту, көлік кептелістерімен күрес мәселелері көтерілді.

Марал Елеуқұлова, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі жетекшісі

-Әр апта сайын біз қабылдау өткіземіз. Енді өтініштер түседі. Осы жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша сұрақтар түседі. Айыппұл туралы сауалдар. Осы қабылдауларда адамдарға көмектесіп, оң шешімін шығару, сұрақтарға, мәселелерін шешуге тырысамыз.

Қамбарбек Тілеуов, қала тұрғыны:

-Сауалнамадан өттік, сұрақтардың бәрі дұрыс, орынды. Әр келген адам өз ішіндегісін жауаптармен белгілеп, көрсете алады деген ойдамын.

Жыл сайын полиция қызметкерлері азаматтардан 600-ге жуық өтініш қабылдайды екен. Оның 70 пайызы акция өткізілген сәтте пысықталады. Елордалық Әкімшілік полициясы басқармасының мамандары осылай дейді. 

Авторлары: Жұрағат Баман, Марат Таубаев

Асқар Мырзахметов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті

    Жұма, 20 Қазан 2017 19:25

Оңтүстік Қазақстан облысы шаруаларының жылыжайдағы жұмысына тарифтер кедергі келтіріп отыр.

Теріскейдегі кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдеріне осындай уәж айтты. Қазір мұнда көгілдір отынның текше метрі 37 теңге, электр қуаты киловатына 25 теңге тұрады. Шаруалар Өзбекстанда ол баға үш есе төмен екенін айтады. Бағаны құрықтау үшін облыстың жылыжай қауымдастығы тарифтерді субсидиялауды ұсынды. Сондай-ақ тыңайтқыш сатып алу үшін жеңілдіктер қарастыру қажет екен. Себебі елдегі жылыжайлардың 80 пайызы осы өңірге тиесілі. Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, ауылшаруашылық саласындағы мәселелерді талқылап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын пысықтады. 

Мырзахмет Сынабаев, ОҚО жылыжай қауымдастығының төрағасы:

-Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығына қатысты түйіткілді мәселелерді жиі қарастырып тұрса, көрші мемлекеттермен бәсекелестікке түсу үшін осындай мәселелерді шешіп отырса, жақсы. Жиі болып тұрса, мәселе тез арада шешіледі. Осылайша өнідірістік қуаттылығын тез пайдалануға болады. Бәсекелестікке төтеп бере аламыз. Жабылып қалмауға болады.