Қоғам - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Жұма, 20 Қазан 2017 21:23

Каспийге батып кеткен ондаған кеме теңіздегі кемелердің жүруіне  қауіп төндіріп тұр. 40 жылдан бері су астында жатқан соң, бұл экологияға да зиян. Браконьерлерді қуып жүрген шекарашылар бірнеше рет су астындағы кемелерге соғылып, апатқа ұшырай жаздапты.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жарамсыз кемелерді жоюмен айналысатын фирмалар банкротқа ұшырайды. Содан бері 60-қа жуық ірілі-ұсақты су көліктері Каспий теңізінде шіріп жатыр. Оның біразы су астына кеткен. Енді бірі мынадай болып жартылай суға батып жатыр. Олардың қоршаған ортаға зияны қандай? Ауаны қаншалықты ластап жатыр? Жалпы бүгінгі жағдайы қандай? Онымен нақты айналысып жатқан ешкім жоқ.

Ескі кемелердің біразы Түпқараған бұғазында, енді бір бөлігі жағалаудан 60 шақырым қашықтықта су астында жатыр. Балықшылар бұл жерді «Кемелер моласы» деп атап кеткен. Мұндағы су көліктері әсірес шекарашылардың қызметіне кедергі келтіруде. «Жағалау күзетінің» қызметкерлері браконьерлерді қуып жүріп, бірнеше рет апатқа ұшырай жаздапты. Осыдан екі жыл бұрын кезекті рейд кезінде шекарашылар катері су астындағы баржаға соғылып, суға батып кетті. Шекарашылар дер кезінде құтқарылып, аман қалған.

Әлібек Қайыпов, ҚР шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының басшысы:

-Осы жағдайдан соң бұл маңға жақындауға тыйым салынған. Мұны браконьерлер біліп алған. Олар бірден осында қашып, тығылады. Жасырынып, ау салуға ыңғайлы болған соң, бекірені де осында аулайды. Біз міндетімізді атқару үшін көп жағдайда басымызды қатерге тігіп, қауіпті аймақты шапшаң катерлермен басып өтуімізге тура келеді.

Ескі кемелерді су түбінен көтеріп, жағаға шығару ісі Инвестициялар және даму министрлігіне тапсырылған. Жауапты сала мамандары бұл аймаққа толық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, теңізде 36 кеменің жатқанын анықтаған.

Нұрбол Ерманов, Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі басшысы:

-Кемелердің батқан орындары анықталып, бұл жұмыстар енді 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр. Мемлекеттен қаржы бөлініп, осыған байланысты барлық іс-шаралар 2019-2020 жылдарға жоспарлануда.

Кемелерді судан шығару жұмыстары аяқталғанша шекарашылардың тәуекелге баруларына тура келеді. Қауіпті аймақ зерттелгенімен, ол жерлер теңізшілердің картасына түсірілмеген. Сондықтан да шекарашылар Қорғаныс министрлігіне қарасты арнайы қызметтен кеме жатқан жерлерді белгілеп беруін сұрайды.

«Бұл су көліктерін теңізден шығарғанша кеме қатынасына төнген қауіптің алдын алатын жалғыз амал», - дейді теңіз сақшылары.   

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев

Жұма, 20 Қазан 2017 20:55

Атырау өңірінде жанармай тапшылығы жоқ. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, аймақта күніне 2 жарым мың тонна бензин өндіріледі. Отынның бағасы да тұрақты, литрі шамамен 151-158 теңге тұрады.

Үкімет үйіндегі брифингте Ноғаев өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы да баяндады. Қазір облыстың әрбір төртінші тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында едәуір өзгеріс бар. Жергілікті бизнес өкілдері мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын мүмкіндігінше пайдаланып, егіс алқаптарының көлемін 8 мың гектардан 25 мыңға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар өңір басшысы билік пен тұрғындар арасындағы байланыстың да барынша нығайып келе жатқанын атап өтті.

Жұма, 20 Қазан 2017 20:39

Алматыда алдағы 5 жылға арналған жолаушылар тасымалы және көлік қөзғалысын ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы таныстырылды.

Қазір Алматыда 1 млн 700 мыңнан астам адам тұрады. Халық саны артумен қатар көлік саны көбейді. Қалада 500 мыңға жуық авто тіркелсе, оған күн сайын Алматы облысы мен өзге өңірден келген 200 мың көлік қосылады. Сондықтан жол қозғалысы қиындап, кептеліс болады. Мегаполистің көшелері ыңғайлы орналасқандықтан, кептелістерді бір жақты қозғалыс көмегімен реттеу ұсынылды. Басымдық метро, жеңіл рельсті трамвайлар, велосипед жолдарына берілді.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.