+7 (7172) 553 545. Жаңалықтар бөлімі: +7 (7172) 553 468, +7 (7172) 553 463 astananews@khabar.kz Кері байланыс

USD/KZT 342,72
EUR/KZT 376,55
РУБ/KZT 5,3

Қазақ киношежіресінің хас шеберіне арналған көрме өтті

  • Сенбі, 23 Қаңтар 2016 18:58
Қазақ киношежіресінің хас шеберіне арналған көрме өтті фото: Олег Белялов

«Қазақфильм» киностудиясынан шыққан көптеген деректі фильмдердің авторы, белгілі кинооператор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты Вячеслав Белялов көзі тірі болғанда 80 жасқа толар еді.

Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында оның қазақ кино өнеріне сіңірген айтулы еңбегін айшықтайтын көрме ашылды.

Белялов табиғаттың тылсым сырын экран арқылы көрсете білген шебер. Өзі альпинизммен айналысып, тау шыңына көтерілгенде де өнердегі айнымас серігі болған кинокамерасын қолынан тастамаған. Апталап, тіпті айлап далада, шатырда жатып, сирек кездесетін аң-құстарды таспаға түсірген құнды көріністері ондаған деректі фильмге арқау болды. 

Көрмеге көптеген өнер байқауларына қатысып, жеңімпаз болған оның дипломдары мен марапаттаулары қойылды. 

Достары мен жақындары, әріптестері еске алып, қызықты әңгімелерін ортаға салды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жаңалықтарға жазылу

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK
яндекс.ћетрика

© 2016 «Хабар» агенттігі

       

Барлық құқықтары қорғалған.