00:20 Әрі қарай эфирде: «Жанды дауыс»
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Астана Опера» Оманды мойындатты

«Астана Опера» Оманды мойындатты

«Астана Опера» балетінің ұжымы Оманның астанасында «Аққу көлі» спектаклін сахналады.

Маскат сұлтандығының опера театрында ине шаншар жер болмады. Астаналық әртістердің өнерін тамашалауға дипломаттар, жергілікті зиялы қауым, әлем балетінің жұлдыздары да келді. 

«Астана Опера» Оманға атақты «Аққу көлі» қойылымын жаңа хореографиялық түзетумен алып барған болатын. Авторы – балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Спектакльде басты рөлдерді Мадина Басбаева мен Әйкерім Бекетаева ойнап шықты.

Мара Галеацци, Лондон балетінің примасы: 

- Өте тамаша қойылым. Олар сахнаға шыққанда, олардың жауқазындай жастығына таңқалдым. Жас труппаның мұндай қиын қойылымды кәсіби әрі соншалықты әдемі суреттеп шығуы мойындатпай қоймайды. Олар шынымен кәдімгі аққулардай! Бұл – көркемдік жетекші Алтынай Асылмұратованың үлкен жетістігі.