ШҚО-да «Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық фестивалі өтті - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ШҚО-да «Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық фестивалі өтті

  • Сейсенбі, 03 Қазан 2017 10:03

Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық эстрадалық ән фестивалі өтті.

Рухани құндылықтарды дамытып, шетелдерде тұратын отандастармен мәдени-достық байланысты нығайтуға бағытталған байқауға биыл 50 шақты өнерпаз қатысты. Қазақ елінің түкпір-түкпірінен бөлек Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан сияқты елдерден жас таланттар, жаңа есімдер бақ сынады. Осымен 5-рет ұйымдастырылып отырған фестиваль биыл аудан орталығы емес, Ақжар ауылында өткізіліп отыр. «Ондағы мақсат – шетелдік қонақтарға еліміздің жетістіктерін паш ету болса, екіншіден, шалғай ауылдағы халықтың рухын көтеру», – дейді ұйымдастырушылар. Бас жүлдеге тарбағатайлық Дархан Жолдыбаев лайықты деп танылды. Өзге де өнерпаздар әртүрлі аталымдар бойынша дипломдармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

Айтолқын Бақытқызы, байқауға қатысушы /Моңғолия/: 

- Орындағаным – «Ана туралы баллада», екінші орындайтыным – «Әлия». Біз ел көреміз, жер көреміз, барлығымен танысамыз. Біз осы жақтан көргенімізді елімізге барып көркемдеп береміз.

Ержан Сабырбаев, қазылар алқасының төрағасы:

- «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында, Елбасымыздың Жолдауынан да туындайтын үлкен бағдарламаның бірі ретінде жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жан-жақтан қандастарымыз Тарбағатайға келіп, елін көріп, көркейіп жатқан Тарбағатайды көріп, өздері де аң-таң болып отыр. Әділ қазылар алқасына да өте қиындау боп тұр. Себебі былтырғы деңгейге қарағанда биылғы сайысқа біздің әншілеріміз жоғары дәрежеде дайындалып келіп отыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.