ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Астана Моторс» компаниясы Ә.Қастеев атындағы мұражайға Энди Уорхолдың картинасын сыйлады

«Астана Моторс» компаниясы Ә.Қастеев атындағы мұражайға Энди Уорхолдың картинасын сыйлады

«Астана Моторс» компаниясына 25 жыл. Айтулы датаға орай компания түрлі мәдени және қайырымдылық шараларға ұйытқы болуда.

Бұл жолы «Астана Моторс» компаниясы Әбілхан Қастееев атындағы өнер мұражайындағы бейнелеу өнерінің жауһар туындыларын тамашалауға келгендерге мәрт сый жасап отыр. Өнерсүйер қауымның 1 ай бойы мұражайға тегін кіруін қамтамасыз етті. 

Айдын Сұлтанов, «Астана Моторс» компаниясы қоғаммен байланыс жөніндегі басқарма басшысы:

-Руханиятсыз адам өмір сүре алмайды. Біздің көптеген әлеуметтік шараларымыз болып жатады. Қайырымдылық әрі мәдени шараларға біз белсене қатысамыз.

Мәдени шара барысында компания басшысы Нұрлан Смағұлов еліміздің мәдениетінде Әбілхан Қастеев мұражайының орны бөлек екенін айтты. Өз атынан мұражайға американдық поп-арт суретші Энди Уорхолдың «Джеки Кеннеди» атты суретін табыстады.

Нұрлан Смағұлов, «Астана Моторс» компаниясының басшысы:

-Бұл сыйлық қаламызға, нақтырақ айтқанда осы мұражайға деген құрмет әрі алғысымыз деп білерсіздер. Мұнда келгенде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты болу керек. Бизнес те өнердің дамуына мүдделі, өнерді қолдау қажет. Бұл әлемдік үрдіс. Сондықтан компаниямыздың 25 жылдығына орай біз сол игі істі  жалғастырмақпыз.

Компания көп уақыттан бері мәдениет, білім және спорт саласын дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралардан тыс қалмайтындарын айтады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев