×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Мәдениет

Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді

    Сейсенбі, 25 Шілде 2017 10:36
strategy2050.kz

Шара аясында «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан Астанаға тарту» атты керуен елордамызға ат басын тірейді.

Бір апта ішінде жамбылдықтар «Әуені әсем Әулие ата», «Ғасырлар әуені», «Жамбылым қандай тамаша» атты мерекелік қойылымдар ұйымдастырады. Сондай-ақ өңірдің эстрада жұлдыздары гала концерт өткізеді. Мәдени күндер аясында қала тұрғындары мен қонақтары теңге алу, көкпар, жамбы ату сынды ұлттық ойындарды тамашалай алады. ЕХРО 2017 халықаралық көрмесі аясында шілденің 29-ы мен 30-ы Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Ол үшін Жамбылдан елордаға шамамен 17 мың тонна азық-түлік әкелінеді деген жоспар бар. 

Дүйсенәлі Бықыбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы:

-26 шілде күні «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан Астанаға тарту» керуені сағат 11-де Хан Шатыр алаңының Ғашықтар саябағында үлкен театрландырылған қойылыммен ашылады. Ол жерде барлық облысымыздың өнерпаздары 500-ге жуық адам концерттік бағдарламамен алаңда көптеген іс-шара өткізеді.

Елордада Пласидо Домингоның «Опералия» байқауы басталды

    Дүйсенбі, 24 Шілде 2017 23:30

Елордада әлемге танымал опера әншісі әрі дирижер Пласидо Домингоның «Опералия» байқауы басталды.

«Астана Опера» театрында әлемнің 17 елінің 40 үміткері бақ сынайды. Тізімде Қазақстандық 4 өнерпаз бар. Байқауға 18-32 жас аралығындағы кез келген дауыс иесі қатысуға құқылы. Ширек және жартылай финалдан сүрінбей өткен 10 үміткер 29 шілдеде маэстро Домингоның өзі жетекшілік ететін «Астана» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Жүлде қоры – 180 мың доллар. Бас жүлдеден бөлек Вагнер және Штраустың операларын үздік орындағандар марапатталады.

Пласидо Доминго, опера әншісі, дирижер:

-Биыл – «Опералия» байқауына 25 жыл. Халықаралық сынды EXPO 2017 бағдарламасы аясында Астанада ұйымдастыруды жөн санадық. Бұл байқаудың жеңімпаздары бірден әлемге танылып, үлкен өнерге жолдама алады. Биыл да тасадағы таланттар іріктеледі деген сенімдемін. Осы байқау арқылы жастардың классикалық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейміз.

Эдриан Броуди: Киіз үйге бұрыннан қызығамын

    Дүйсенбі, 24 Шілде 2017 23:11

Елордада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтіп жатыр.

Айтулы шараға қатысу үшін әлемге әйгілі актерлер Николас Кейдж, Эдриан Броуди және Ресей, Үндістан, Грузия, Қытай мен Еуропаның танымал актерлері, режиссерлері келді. «Оскар» сыйлығының иегері Эдриан Броуди күн тәртібінің тығыздығына қарамастан, эксклюзивті сұхбат берді.

Эдриан Броуди, актер:

-Кеше оқиғаға толы күн болды. Мәдениет және спорт министрінің шақыртуымен «Астана Операда» Густав Малердің VIII симфониясының тұсаукесерін тамашаладым. Қойылым айрықша әсер етті. Менің соңғы сапарымнан кейін осындай әдемі сахна бой көтерген. Киіз үйде ұлттық тағамдардан дәм таттым. Шындығын айтайын, киіз үйге бұрыннан қызығамын. Мен «Еуразия» кинофестиваліне келгеніме қуаныштымын. Кездескен адамдардың кең пейілділігі ерекше қуантты. Менің шығармашылығыммен таныс адамдардың көптігі, менің жұмыстарымды бағалайтыны таңдандырды. Бұл фестиваль әр елден келген кинематографтармен кездесуге тамаша мүмкіндік береді.

Осымен он үшінші рет шымылдығы түрілген кинофестиваль аясында 300-ге жуық туындының көрсетілімі ұсынылады. Байқаудың негізгі бағдарламасына 101 фильм енген. 14 фильмнің әлемдік премьерасы, 11 туындының азиялық тұсаукесері өтеді. Еліміздің атынан байқауға Сәбит Құрманбектің «Оралман» фильмі ұсынылған. Қазылар алқасына «Канн» кинофестивалінің лауреаты Сулейман Сиссе жетекшілік етуде. Мәдени шара шілденің 28-іне дейін жалғасады.

Астанада алғаш рет «Ready. Set. Loud!» фестивалі өтеді

    Дүйсенбі, 24 Шілде 2017 18:34
astana.gov.kz

29 шілдеде «Бәйтерек» монументінің алаңында «Ready. Set. Loud!» инструменталды музыка фестивалі өтеді.

Сахнада әндерді инди-рок, этно-джаз және альтернативті рок стилінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындайтын Existan, Nar, CelestialWhales, FarInGateи MoltoLoud сынды қазақстандық топтар өнер көрсетеді.

DJ-сет фестивальдің бағдарламасын ашады, ал жүргізушілер ұтыс ойнатып, музыкалық байқаулар өткізеді. Жеңімпаздарға электрогитаралар сыйға тарту етіледі.

Басталуы: 16.00.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі