17:00 Әрі қарай эфирде: «Народный контроль» программа
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қарағандыда Қазыбек бидің 350 жылдығына орай фотоальбом жарық көрді

    Сәрсенбі, 27 Желтоқсан 2017 21:33

Қарағандыда «Ғасырлар даналығы – бабалар мұрасында» атты фотоальбомның тұсаукесері өтті.

Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған туынды 3 тілде жарық көрген. 305 беттік фотоальбомда 500 сурет қамтылыпты, төрт тақырыптық бөлімге топтастырылған. Кітаптан тарихи тұлғалар, киелі орындар, табылған құнды жәдігерлер және өңірдің әсем табиғаты жайлы мол мағлұмат алуға болады. Фотоальбомнан Алаш ардақтылары жазған «Қарқаралы петициясын», Абылай ханның 1777 жылы Батыс Сібір губернаторы генерал-майор Антон Даниловичке жазған хатын, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасына байланысты Цин дәуіріндегі мұрағат құжаттарын, Қазыбек бидің Орынбор өлкесінің сол кездегі билеушісі Иван Неплюевке жазған екі хатын көруге болады. Бұл күні сондай-ақ дала данышпаны Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойы қорытындыланып, көптеген игі шараларды өткізуге үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.

Ерсін Мұсабеков, облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары:

- Фотоальбомды құрастыру жұмыс тобында болдым. Бұл фотоальбомды бабамыздың 350 жылдық мерейтойына арнап шығарғанымызбен, редакциялық алқа бірыңғай қазыналы Қарағанды өңірінің тарихы, мұндағы тарихи жәдігерлер, мұндағы тарихи тұлғалар өмірін қамту, әсем табиғатын қамту мақсатында үлкен ізденістер атқарды. Жемісті еңбек жасадық деп ойлаймын.

«Астана Опера» ұжымы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі қойылымдар ұсынады

    Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2017 23:24

Аттары әлемге әйгілі «Ла-Скала», «Мәскеу театры» ұжымдарымен «Астана Опера» театрын қатар қоюға әбден болады.

Еңселі ғимараты бар театрдың техникалық мүмкіндіктері де соңғы талаптарға сай. Бастысы қысқа уақытта ұйымшыл өнер ұжымы қалыптасып үлгерді.

«Астана Опера» театрының алып жатқан жалпы аумағы – 9 гектар. Ал ғимаратқа тиесілі аумақ – 64 мың шаршы метр. Театрдың төбесінде төрт тұлпарды тізгіндеген сақ патшайымы Томирис ханымның мүсіні бейнеленген.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Ғимарат әлемдегі ең үлкен саналатын Ла-Скала, Мәскеу театрларынан аспаса, кем түспейді. Жалпы Астана төріндегі бұл мәдени нысан – бірнеше өнер ошақтардың архитектурасын біріктірген теңдесі жоқ ерекше ғимарат. Театрдағы ең үлкен залдардың бірі – «Мәрмәр» деп аталады. Бұндағы жылтыр тастар Сицилиядан әкелінген екен.

Меруерт Қорғанбаева, көрермендерге қызмет көрсету департаментінің әкімгері:

– «Астана-Опера» театры жобасының авторы – Бенджамин Паккали және сәулетшісі – Ренато Аркетти. Театр классикалық стильде салынған. Біздің қазақтың оюларын көруге болады. Люстрамыз богем хрусталінен салынған. Салмағы – 1600 келі.

Бұдан бөлек театрда үлкен зал бар. Қазір мұнда өнер ошағының әртістері «Травиата» операсына дайындық үстінде.

Итальян тілінде орындалатын опера 3 сағатқа дейін жалғасады. Өнер сүйер қауым оны желтоқсаның 27-і күні тамашалай алады.

Меруерт Қорғанбаева, көрермендерге қызмет көрсету департаментінің әкімгері:

– Үлкен зал 1250 орыннан тұрады. Қазір біз бірінші балконда тұрмыз. Үлкен зал секторларға бөлінеді. Партер бар, одан кейін партер бокс, белитаж амфитеатр, бірінші және екінші балкон және галерея бар.

Театр залдары жақсы акустикасымен мақтана алады. Оның ішінде дыбыс сапасын төмендететін кедергілер жоқ. Барлығы бүге-шүгесіне дейін тиянақты ойластырылып жасалынған. Тіпті микрофонсыз еркін ән шырқауға болады.

Меруерт Қорғанбаева, көрермендерге қызмет көрсету департаментінің әкімгері:

– Камералық зал 250 адамға есептелінген. Мұнда кішкентай балаларға арналған кештер, «Астана Опера» театры солистерінің кештері өтеді. Акустикасы дөңгелек ретінде салынған. Ағаштардан жасалған.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында 800-ге жуық адам еңбек етеді. Опера әншілері, балет бишілері, оркестр. Жаңа жыл қарсаңында өнер ұжымы өз көрермендерін түрлі қойылымдармен қуантпақ. Мәселен, 30-31 желтоқсан күндері Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін тамашалай алады.

Бақтияр Адамжан, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші балет солисі:

– Өнерде жүріп, көп жетістікке жетіп жатырмыз. Елбасымыздың қолдауымен осындай театр салып берді. Театр бізге баспана беріп жатыр. Отбасы құрдым, ұлды болдым. Сондықтан 2013 жылдан бері өзгерістер көп.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры әртістерінің өнерін тамашалайтын көрермендердің қатары қалың. Зал әрдайым лық толы болады. Елорданың 20 жылдығына тарту ретінде бой көтерген мәдени ошақ осындай.

Авторы: Риат Шони

Елордада халықаралық балалар және жасөспірімдер фестивалі өтеді

    Жексенбі, 24 Желтоқсан 2017 11:21
Toogeza.com

Алдағы жылы Астанада «Таланттар отшашуы» жобасы аясында «Шабыттың кеңістігі» халықаралық балалар және жасөспірімдер фестиваль байқауы өтеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

Фестиваль жас таланттарды анықтап қоймай, ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруді көздейді. Байқаудың міндетті бағдарламасына шығармашылық байқаудан бөлек, кеңейтілген туристік бөлім бар. Оның аясында жас әртістер мен олардың ата-аналары және ұстаздары Астананың айшықты жерлерін аралап, елорданың туристік әлеуетімен танысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара барысында қатысушылар мен педагогтарға шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Таланттар отшашуы» шығармашылық бірлестігі Ресей, ТМД, Еуропа және Азияның бірқатар елінде өткен беделді балалар және жасөспірімдер байқау-фестивальдарын ұйымдастырған болатын.

Түркиядағы Ыстамбұл университетінде «Қазақстанды таныстыру» кеші өтті

    Жексенбі, 24 Желтоқсан 2017 09:36

Түркияның ең үздік жоғары оқу орындарының бірі Ыстамбұл университетінде «Қазақстанды таныстыру» кеші өтті.

Айтулы шара оқу ордасының қабырғасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. «Кештің  Қазақстанға арналуының өзіндік себебі бар. Өйткені біз қазақ елінің тәуелсіздігін ең бірінші болып мойындап, саясатта да, мәдени, рухани салада мызғымас ынтымағымыздың жарқын үлгісін көрсетіп келеміз», – дейді халықаралық студенттер бойынша үйлестіруші Фарук Ташчы.

Кеште Түркияда білім алып жүрген қазақстандық жастар еліміздің жетістіктерін кеңінен паш етті. Олар Қазақстанның тарихи орындары мен туристік орталықтарын және елордамыздың сәулетін айшықтаған арнайы бейне роликтерді көпшілік назарына ұсынды. Шетелдік студенттер әсіресе, «EXPO 2017» көрмесі жайлы тамсана тамашалады. Сондай-ақ шара аясында  қазақтың әсем әні мен тәтті күйі орындалып, барлық қатысушы ұлттық тағамымыздан ауыз тиді.

Өнербек Шайхаден, Ыстамбұл сауда университетінің студенті:

- Ыстамбұл университетінде Қазақстанды таныту алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Дегенмен шараға көп халық жиналды. Оның басым көпшілігі шетелдіктер. Олар біздің стэндке келіп, қызығушылық білдірді. Біз де Қазақстанды бар қырынан танытып жатырмыз. Қазақстанның жетістіктерін көрсетудеміз. Шетелдіктер де Қазақстанға келгісі келеді, біз де оларға қажетті мағлұматтарды бердік деп ойлаймын.