ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Бүгін In The Middle, Somewhat Elevated балетінің премьерасы өтеді

    Сенбі, 04 Қараша 2017 13:04

Уильям Форсайттың неоклассикалық туындысында басты рөлдерді «Астана Балет» театрының әртістері сомдайды.

Айта кетейік, аталған балет алғаш рет 1987 жылы Париж қаласында  қойылған. Сол уақыттан бері әлемнің ең таңдаулы театрларында сахналанып келеді. Сондай-ақ демалыс күндері елорда тұрғындары аталған балеттен бөлек, «Серенада» және «Контрасттар» спектакльдерін тамашалай алады.  

ОҚО-да алғаш рет республикалық шығармашылық кино фестивалі өтіп жатыр

    Жұма, 03 Қараша 2017 23:33
ontustik.gov.kz

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық шығармашылық кино фестивалі басталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен күнгейде алғаш рет ұйымдастырылған шараға министрліктің қосымша білім беруді дамыту орталығының өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, еліміздің барлық аймағынан келген мектеп оқушылары және ұстаздар қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тәрбие және білім» тармағындағы «Дарындылар елі» жобасы бойынша іске асқан бұл шара үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру, дарынды балалар мен жастарды анықтау, тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыра отырып, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Республикалық шығармашылық кино фестиваліне 600-ден аса оқушы қамтылып отыр. Оның ішінде 160 оқушы деңгейлі үміткерлер.

Қатысушылар бүгінде «Айналаға қара» және «Туған жер» тақырыптарында түрлі жанрдағы қысқаметражды фильмдер мен шығармашылық шешімі бар деректі фильмдер, анимациялық және әлеуметтік ролик, музыкалық фильмдер ұсынып отыр.

Фестиваль барысында «Қамқорлық» жобасы шеңберінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың  қолөнер бұйымдары жинақталып, арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан өңірінен шыққан танымал драма және кино актерлардың  фото-сурет көрмесі мен «Оңтүстік фильм» киностудиясының тақырыптық бейнефильмі көрермен назарына ұсынылды.

Екі күнге жалғасатын фестиваль қорытындысымен жеңімпаздар арнайы дипломмен, сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Ақпарат көзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

«Ана жүрегі»: Сейсенбі-жұма, 21:30

    Бейсенбі, 02 Қараша 2017 08:58

Әлеуметтік драма қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларын қамтыған. Отбасы құндылықтарынан бастап, ананың үйдегі һәм қоғамдағы роліне дейін айтылған. 

Ана мейірі мен махаббатынан асқан құндылық жоқ. Сериал ана болмысынан сыр шертеді. Өмірге құштарлық, балаға деген бал сезім, тар жол-тайғақ кешу мен тағдыр тәлкегі. «Ана жүрегі» картинасында мұның бәрі көрініс тапқан.  

Сценарий авторы белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, қоғамның өзегінен өтетін туынды түсіруге тек үздік актерлер жұмылдырылған. Олар сценарийді оқыған сәттен жүректері елжірегенін айтады. Себебі оқиға желісі шынайы өмірден алынған.

Баласынан барын аямаған ананың ғұмыры қиындыққа толы. Өзегі өртенсе де, қайғы кешкен жанның қабырғасы қайысқан жоқ. Қазақ қыздарына тән қасиет. Алайда өмірде қателікке бой алдырып, қатігездікке жол беретіндер де жоқ емес. Сериалда бүгінгі қоғамның басты түйткілдері қозғалады. 

Әлеуметтік драма 12 сериядан тұрады. Айта кету керек, бұл «Хабар» арнасы жаңа маусымда көрерменге тарту еткен төртінші туынды. 

«Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек: «Жанры – әлеуметтік драма. Біз қазір осы жанрға жақсылап бет бұрып жатырмыз. Мұның алдында «Қария», «Абзал жан» және «Мезгілсіз махаббат» деген фильмдер шықты. Осындай фильмдер арқылы біз қоғамда болып жатқан өзгерістерді, проблемаларды көптің көкейінде жүрген нәрсені жеткізу арқылы көрерменге ой салғымыз келеді», – дейді.

Режиссерлық жұмыс жоғары деңгейде қойылған. Ал сериалға арнайы жазылған саундтректі қоңыр дауысымен Мейрамбек Беспаев орындады. Сериал жүректі тебірентпей қоймайды. Бағасын патша көңілді көрермен береді.

«Хабар» арнасында «Ана жүрегі» телехикаясы көрерменге жол тартады

    Бейсенбі, 26 Қазан 2017 20:04

«Хабар» арнасы тағы бір тың туынды ұсынады. 14 қарашадан бастапқалың көрерменге «Ана жүрегі» деп аталатын телехикая жол тартады. Әлеуметтік драма қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларын қамтыған. Отбасы құндылықтарынан бастап, ананың үйдегі һәм қоғамдағы роліне дейін айтылған.

Ана мейірі мен махаббатынан асқан құндылық жоқ. Сериал ана болмысынан сыр шертеді. Өмірге құштарлық, балаға деген бал сезім, тар жол-тайғақ кешу мен тағдыр тәлкегі. «Ана жүрегі» картинасында мұның бәрі көрініс тапқан. 

Сценарий авторы: белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова. Қоғамның өзегінен өтетін туынды түсіруге тек үздік актерлерді жұмылдырды. Олар сценарийді оқыған сәттен жүректері елжірегенін айтады. Себебі оқиға желісі шынайы өмірден алынған.

Лейло Бекназар-Ханинга, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

-Алты сериясын бірден оқып шықтым. Жас шынын айтса сондай төгілді. Көпке дейін өз-өзіме келе алмай қалдым. Тура бар ғой өзімнің басымнан өткен сияқты болды. Үлкен тәрбиелік мәні бар дүние бұл сериал. Тек жастарға ғана емес, тіпті мынау менің басты кейіпкерімнен өзім үшін мән бар.

Баласынан барын аямаған ананың ғұмыры қиындыққа толы. Өзегі өртенсе де, қайғы кешкен жанның қабырғасы қайысқан жоқ. Қазақ қыздарына тән қасиет. Алайда өмірде қателікке бой алдырып, қатігездікке жол беретіндер де жоқ емес. Сериалда бүгінгі қоғамның басты түйткілдері қозғалады.

Әлеуметтік драма 12 сериядан тұрады. Айта кету керек, бұл «Хабар» арнасы жаңа маусымда көрерменге тарту еткен төртінші туынды.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

-Жанры – әлеуметтік драма. Біз қазір осы жанрға жақсылап бет бұрып жатырмыз. Мұның алдында «Қария», «Абзал жан» және «Мезгілсіз махаббат» деген фильмдер шықты. Осындай фильмдер арқылы біз қоғамда болып жатқан өзгерістерді, проблемаларды көптің көкейінде жүрген нәрсені жеткізу арқылы көрерменге ой салғымыз келеді.

Режиссерлық жұмыс жоғары деңгейде қойылған. Ал сериалға арнайы жазылған саундтректі қоңыр дауысымен Мейрамбек Беспаев орындады.

Сериал жүректі тебірентпей қоймайды. Бағасын патша көңілді көрермен береді. Көпсериалы драма 14 қарашадан бастап, эфирде көрсетіледі. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Мейрамбек Ақмаханов