ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Атырау оқушылары ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнерді дәріптеді

    Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 12:47

Атырауда мектеп оқушылары арасында ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнерімізді дәріптеуге арналған сайыс өтті.

Өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырған байқауға 54 оқушы қатысып, киізге ою-өрнек салу, алаша, ши тоқу, ұршық иіріп, қамшы өру және ағаш пен сүйекті өңдеу секілді қазақы қолөнер түрлерінен шеберліктерін сарапқа салды. Мақсат – жас ұрпақ санасына көркем эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

«Бастысы – жас ұрпақты ұлттық қолөнерге баулу», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысында жоғарыда аталған талаптарға сәйкес жеңімпаз оқушылар анықталып, дипломдармен және заттай сыйлықтармен марапатталды.

Тұңғыш Президент күніне орай Бейжіңде «Ер Төстік пен Айдаһар» мультфильмі көрсетілді

    Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 09:58

Тұңғыш Президент күніне орай Қытай астанасында «Ер Төстік пен Айдаһар» мультфильмі көрсетілді.

Оны Бейжіңде тұрып жатқан қазақстандық дипломаттар мен ұлттық компания қызметкерлерінің балалары тамашалады. Ұйымдастырушылар отанынан жырақта жүрген жас өрендер ана тілі мен мәдениетінен алшақтамас үшін жыл сайын желтоқсан айында осында шара өткізіп тұратынан айтады. Мультфильм басталмас бұрын бүлдіршіндер Қазақстан, туған жер, Президент туралы өлең-жырлар оқыды. Отан туралы мақал-мәтелдер айтты.

Мейірім Амангелді, 5-сынып оқушысы:

Қашан да арман болған тәуелсіздік,

Жарқ етіп, ашылды-ау бір қара түндік.

Исатай, Махамбеттің туын ұстап,

Бодандықтың тас буын, белін үздік.

Ең басты іс әрі мәнді

Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды.

Сайладық Қазақстан Президенті деп,

Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.

Алматыда «Ұлт көшбасшысы» атты көрме ашылды

    Сенбі, 02 Желтоқсан 2017 15:24
BNews.kz

Алматы музейінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт көшбасшысы» атты фотоқұжаттық көрме ашылды.

Бұл жерге маңызды құжаттардың, бұйрықтар мен қаулылардың көшірмелері қойылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының ресми кездесулері мен бос уақытындағы биографиялық фотосуреттері де көрермен назарына ұсынылып отыр. Оларға қарап Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолын көруге болады. Көрмеге 30 шақты фотосурет пен құжаттар  қойылған. Олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи сәттен сыр шертеді. 

Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президент архиві директорының орынбасары:

– Фотоқұжаттардың көбісі 90-жылдардың басында түсірілген. Оның ішінде Елбасының антын қабылдау фотоқұжаты, анттың түпнұсқадан түскен көшірмесі де бүгінгі көрмеге ұсынылып отыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арнау» ұлттық би кешін көруге барды

    Жұма, 01 Желтоқсан 2017 20:15
Nur.kz

Елбасы «Астана балет» театрында өткен «Арнау» ұлттық би кешін көруге барды.

Кеш бағдарламасына енген әсемдігі бойынша әртүрлі, жарқын әрі әсерге толы хореографиялық миниатюралар мен спектакльдер үзіндісі еліміздің бай ұлттық салт-дәстүрінен және мәдениетінен сыр шертеді.

Ақпарат көзі: akorda.kz