Мәдениет - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сейсенбі, 10 Қазан 2017 14:01

Атырауда қала күні аясында «Дос жүрегін шекара бөле алмайды» деген атаумен VI халықаралық фестиваль өтті.

Оған Әзербайжан, Грузия елдерінен және шекаралас Ресей Федерациясы облыстарынан өнер ұжымдары қатысты. Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың тарихы, мәдениеті және өнері мен әдебиеті туралы мағлұмат берілді.

Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 23:24

«Астана Моторс» компаниясына 25 жыл. Айтулы датаға орай компания түрлі мәдени және қайырымдылық шараларға ұйытқы болуда.

Бұл жолы «Астана Моторс» компаниясы Әбілхан Қастееев атындағы өнер мұражайындағы бейнелеу өнерінің жауһар туындыларын тамашалауға келгендерге мәрт сый жасап отыр. Өнерсүйер қауымның 1 ай бойы мұражайға тегін кіруін қамтамасыз етті. 

Айдын Сұлтанов, «Астана Моторс» компаниясы қоғаммен байланыс жөніндегі басқарма басшысы:

-Руханиятсыз адам өмір сүре алмайды. Біздің көптеген әлеуметтік шараларымыз болып жатады. Қайырымдылық әрі мәдени шараларға біз белсене қатысамыз.

Мәдени шара барысында компания басшысы Нұрлан Смағұлов еліміздің мәдениетінде Әбілхан Қастеев мұражайының орны бөлек екенін айтты. Өз атынан мұражайға американдық поп-арт суретші Энди Уорхолдың «Джеки Кеннеди» атты суретін табыстады.

Нұрлан Смағұлов, «Астана Моторс» компаниясының басшысы:

-Бұл сыйлық қаламызға, нақтырақ айтқанда осы мұражайға деген құрмет әрі алғысымыз деп білерсіздер. Мұнда келгенде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты болу керек. Бизнес те өнердің дамуына мүдделі, өнерді қолдау қажет. Бұл әлемдік үрдіс. Сондықтан компаниямыздың 25 жылдығына орай біз сол игі істі  жалғастырмақпыз.

Компания көп уақыттан бері мәдениет, білім және спорт саласын дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралардан тыс қалмайтындарын айтады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Сейсенбі, 03 Қазан 2017 10:03

Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық эстрадалық ән фестивалі өтті.

Рухани құндылықтарды дамытып, шетелдерде тұратын отандастармен мәдени-достық байланысты нығайтуға бағытталған байқауға биыл 50 шақты өнерпаз қатысты. Қазақ елінің түкпір-түкпірінен бөлек Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан сияқты елдерден жас таланттар, жаңа есімдер бақ сынады. Осымен 5-рет ұйымдастырылып отырған фестиваль биыл аудан орталығы емес, Ақжар ауылында өткізіліп отыр. «Ондағы мақсат – шетелдік қонақтарға еліміздің жетістіктерін паш ету болса, екіншіден, шалғай ауылдағы халықтың рухын көтеру», – дейді ұйымдастырушылар. Бас жүлдеге тарбағатайлық Дархан Жолдыбаев лайықты деп танылды. Өзге де өнерпаздар әртүрлі аталымдар бойынша дипломдармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

Айтолқын Бақытқызы, байқауға қатысушы /Моңғолия/: 

- Орындағаным – «Ана туралы баллада», екінші орындайтыным – «Әлия». Біз ел көреміз, жер көреміз, барлығымен танысамыз. Біз осы жақтан көргенімізді елімізге барып көркемдеп береміз.

Ержан Сабырбаев, қазылар алқасының төрағасы:

- «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында, Елбасымыздың Жолдауынан да туындайтын үлкен бағдарламаның бірі ретінде жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жан-жақтан қандастарымыз Тарбағатайға келіп, елін көріп, көркейіп жатқан Тарбағатайды көріп, өздері де аң-таң болып отыр. Әділ қазылар алқасына да өте қиындау боп тұр. Себебі былтырғы деңгейге қарағанда биылғы сайысқа біздің әншілеріміз жоғары дәрежеде дайындалып келіп отыр.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.