Оқиға - "Хабар" телеарнасы
EXPO 2017 в Астане
Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017 20:50

Семейдегі өрт сөндіру қызметіне ұн шығаратын комбинаттан өрт болғаны жайында күндізгі сағат 12-лерде хабар келіп түскен.

Элеваторға шұғыл жеткен құтқарушылар жұмыс мұнарасында үгіту жүйесіндегі технологиялық процесс кезінде бидай ұнтағынан жарылыс орын алғанын анықтады. Апат салдарынан мұнара зардап шегіп, еден зақымдалған. Жарылыстан есік, терезелер мен тасымал ленталары өртенген. Өрт сөндірушілер 47 жастағы  комбинатта жұмыс істейтін əйелді оқиға орнынан алып шықты. Ол қолдары мен бетін күйдіріп, 1-дəрежелі  жарақат алған. Оған жедел медициналық жəрдем көрсетілді. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Қазір өртке байланысты абайсыздық, технологиялық процестің бұзылуы немесе өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы сияқты бірнеше жорамал қарастырылып отыр.

Мемлекеттік инспекторлар өндірістік ішкі талаптар мен ережелердің бұзылуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 10 техникасы мен 45 адамы жұмылдырылған. Өрт сағат 13:51-де толық ауыздықталған. Бұл туралы Семей қалалық ТЖБ хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017 15:06

Жексенбі күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми сайтына хакерлік шабуыл жасалды.

Бұл туралы көрменің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 тамыз күні сағат 23:00-ден кейін (Астана уақытымен) expo2017.astana.com сайты орналасқан серверге ауқымды Ddos-шабуыл жасалғаны тіркелді. Зиянкестер әртүрлі IP-мекен жайларынан сайтқа үлкен жүктемені жасай отырып (секундына 20 мың өтінімнен жолдау), серверді істен шығаруға әрекет жасады. Техникалық қызметтің бірлескен жұмысы арқасында сервердің жұмысы толық қалпына келтірілді. Ddos-шабуылының барлық деректері арнайы қызметтерге жіберілді», – делінген таратылған хабарламада.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017 08:30

Риодағы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов әуесқой боксқа қайтып оралуға дайындалып жатыр.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Сондай-ақ Елеусінов неліктен кәсіпқой боксқа ауыспағанын түсіндіріп берді. «Біріншіден, бұған себеп промоутерлік компания маған қойылған тапсырмаларды орындай алмады. Жалпы жұмысты істей алмады. Бірақ мен дайын болдым», дейді Елеусінов.

«Біз Дычкомен бірге MGA Entertainment компаниясының құжаттарына қол қойғанбыз. Бірақ біз соңында ол келісімшартты үзіп тастадық. Содан менеджерлер бізге басқа промоутерлік компания - Майамиде орналасқан The Heavyweight Factory компаниясын тауып берді. Иван ол компаниямен келісіп, кәсіпқой боксқа кетті. Маған да ұсыныс келді, бірақ мен бас тарттым. Құрамаға қайтып келуді шештім», – дейді боксшы.

Сонымен қатар Данияр Елеусінов алдағы жоспарлары жайлы айтып берді

«Екінші рет Олимпиадаға қатысу қызық болуы мүмкін. Себебі қазақстандық бокстың тарихына екі дүркін Олимпиада чемпионы жоқ. Бірақ неге болмасқа? Тырысып, чемпион болу керек», дейді боксшы.

Елеусінов келесі Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа өтуі мүмкін екенін айтып өтті.

«Бәрі де мүмкін, ұсыныс түсуі де мүмкін. Бірақ мен әлі қажетті ұсыныс естімедім. Сондықтан да әзірше әуесқой бокста қала тұруды шештім. Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін. Ұзаққа созбалаудың қажеті жоқ. Тәжірибе үшін 2-3 жекпе-жек өткізіп, чемпиондық кездесулерге бару керек. Егер, әрине, жақсы промоутер табылса», дейді қазақстандық боксшы.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.