Алматы маңындағы ұшақ апатының себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Алматы маңындағы ұшақ апатының себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

  • Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 12:08

Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан 5 адамның есімі белгілі болды.

Олар – профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинекологы Патсаев Талғар Әнапиұлы мен профессор, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы. Сондай-ақ ұшақ командирі, Қырғызстан азаматы Цой мен екінші ұшқыш, Қазақстан азаматы Кутафин және борттехник Бейшебек Акматбаев екені белгілі болды. Оқиға орнында авиациялық апаттарды тергеу басқармасының мамандары  жұмыс істеп жатыр.

Біздің түсіру тобымыз куәгерлермен тілдесіп қайтты. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, ұшақ құлаған сәтте екі мәрте жарылыс болған. Содан кейін әуе көлігі лезде жанып кеткен. Тағы бір маңызды дерек, апат болған маңайдағы электр бағаналары қатты зақымданған. «Соған қарағанда әуе көлігі құлардан бірнеше секунд бұрын жоғары вольтті электр желілеріне келіп соқтығысқан», – дейді куәгерлер.

Кеше «East wing» әуе компаниясына тиесілі АН-28 ұшағы Алматы әуежайынан 28 шақырым қашықтықта апатқа ұшырап, борттағы бес адам да қаза тапты. Санитарлық рейс Алматыдан Шымкентке қарай ұшып шыққан. Борт кешкі сағат 18:35-те көкке көтеріліп, 18:47-де, яғни арада 12 минут өткеннен кейін байланыстан ажыраған. Кейін белгілі болғандай, 19 сағат 15 минутта ол жерге құлайды. Қатты соққының салдарынан әуе көлігінің қалдықтары 200 метр радиусқа дейін шашырап кеткен.

Руслан Стяжкин, Междуреченск ауылының тұрғыны:

-Үш мәрте айналды да құлады. Екі мәрте жарқ-жұрқ ете қалды. Ұшақ элекр бағанасына барып соғылып, сосын ұшқын пайда болды. Электр сымдары жоғары қуаттылықта тұрғандықтан, жарылыс болды деп ойлаймын. Жойқын жарылыс болды. Ұшақтың күлі көкке ұшты, түк қалмады.

Әуе апатының нақты себеп-салдарын анықтау үшін құрылған арнайы комиссия мүшелері Астанадан Алматыға бағыт алды. Комиссияға Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр жетекшілік етеді. Бізге белгілі болғаны, санитарлық авиация Шымкенттің облыстық клиникалық ауруханасында жатқан әйелге медициналық көмек көрсетуге шыққан. Науқас Түркістаннан келіп түскен. 16 қыркүйек күні босанған, сол уақыттан бері дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп келеді. Алғашында Түркістанның, сосын Шымкенттің дәрігерлері емдеген. Жағдайы тіптен нашарлаған соң өте білікті мамандарды Алматыдан шақыртқан.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.