ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Шымкент жұрты әуе апатынан қаза тапқан дәрігерді ақтық сапарға шығарып салды

Шымкент жұрты әуе апатынан қаза тапқан дәрігерді ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Шымкент жұрты әуе апатынан қаза тапқан дәрігер Талғат Патсаевты ақтық сапарға шығарып салды.

Медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог өзінің 20 жылдық еңбек өтілімінде жүзден аса адамның өміріне араша болған екен. Марқұммен қоштасуға Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауымы, әріптестері мен ағайын-туысы түгел жиналды. Талғат Патсаевтың соңында екі ұлы мен жары қалды.

Талғат Құдайбергенов, Медицина ғылымдарының докторы, профессор:

Талантты дәрігер болды. Жақсы адам, сосын шұғыл адам еді. Іссапарға шығып, әйелдерге, соның ішінде екі қабат аналарға көмек беріп жүретін. Ең бастысы жақсы адам еді.