ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Қордай» шекара бекетінде тәртіп бұзған 4 адам ұсталды

«Қордай» шекара бекетінде тәртіп бұзған 4 адам ұсталды

Еліміздің Қырғызстанмен шектесетін аймағындағы «Қордай» шекара бекетінде тәртіп бұзған 4 адам ұсталды.

Бізге түскен соңғы мәлімет бойынша кеше көршілес екі мемлекеттің 4 азаматы ұсталған. Оның үшеуі Өзбекстан, ал біреуі Қырғызстан азаматы болып шықты. Енді олар шекаралық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл төлейді. Ал көші-қон заңнамасын сақтамаған 8 адам жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары бар. Қырғызстанда өткен президенттік сайлауға байланысты мемлекеттік шекарада адамдар мен көлік құралдарының саны азайған болатын. Ал кешелі бері олардың саны көбейіп, бұрынғы көрсеткішіне қайта орала бастады. Мысалы, өткен тәуліктерде шекарадағы бақылау өткізу бөлімдерінде 12 688 адам және 1730 көлік құралы тіркеліпті. Сонымен қатар оныншы қазаннан бастап Қазақстан-Қырғызстан шекарасында ветеринарлық бақылау да күшейтілген.

Ержан Ертуғанов, «Қордай» шекара бақылау бөлімінің бастығы:

– Қазіргі таңда «Қордай» шекара бақылау-өткізу бекетінде жағдай бірқалыпты. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін тұлғалар, көлік құралдарының бәрі тексерілуде. Жоспарланған шекаралық операция әлі жалғастырылуда.