×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 135
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Оқиға

БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті.

Барымташылар Алмаз ауылына көршілес Ақтөбенің Қобда ауданынан келген. Ұрлыққа тыңғылықты дайындалғаны сонша, олар мініс аттарын шағын жүк көлігімен тиеп жеткізген. Алайда даладағы 22 бас жылқыны айдап ала жөнелген ұрылардың жолы болмады.

Жылқы үйірін JPS-трекердің көмегімен қарап жатқан мал иесі дер кезінде полицияға хабар береді. Нәтижесінде 2 барымташы қолға түсіп, қылмыстық іс қозғалды. Олардың 5 сыбайласы іздестіріліп жатыр.

Жалпы өңірде биыл мал ұрлығы 27 пайызға азайған. Бұл ішкі істер бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқасында мүмкін болыпты.

Кенжебек Құспаев, БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл учаскелік инспекторларға 50 автокөлік бөлінді. Былтыр да 50 бөлінген. Соның арқасында ауылдық жерлердегі инспекторлар 70 пайызға көлікпен қамтылып отыр. Олар түнгі уақытта шығып, мал және ет тасымалдайтын автокөліктерді тексеру жұмыстарын жүргізуде.