×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Оқиға

Қарағанды облысында 43 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

    Жексенбі, 24 Желтоқсан 2017 20:04
Фото: Today.kz

Қарағанды-Абай трассасының бойында жолаушылар автобусы бір жағына қарай аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық Ішкі істер департарменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың сөзінше, апат Қарағандыдан шыға берістегі автобус аялдамасынан 5 км қашықтықта болған.  «Жолаушылар зардап шеккен жоқ. 43 адамның барлығы өздерін жақсы сезініп отыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда»,-деді Бақытжан Құдияров. Алдын ала қорытынды бойынша жүргізуші көктайғақ кезінде көлікті басқара алмай қалған.

Қашаған кенішінде құстар қырылып жатыр

    Жұма, 22 Желтоқсан 2017 14:27

Атырау облысында құстардың қырылуы дерегі тіркелді.

Каспий қайраңындағы Қашаған кен алаңына қарасты жасанды аралдардың бірінен 243 бозторғайдың өлексесі табылды. Дерек бойынша жергілікті экологтар Солтүстік Каспий жобасының операторы North Caspian Operating Company компаниясына 2,7 миллион теңге айыппұл салыпты. Ол туралы орман және айрықша қорғалатын аумақ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мереке Шалқаров мәлімдеді. North Caspian Operating Company хабарласқан тілішілерімізге компания құстардың қырылғанын жоққа шығарған жоқ және ол туралы таяу уақытта толық ақпарат беруге уәде берді.

Алматы әуежайында ұшақ жолақтан шығып кетті

    Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 11:33

Алматы халықаралық әуежайында «Эйр Астана» компаниясының Алматы-Бангкок бағытындағы КС 931 рейсі ұшағы ұшу жолағынан шығып кетті.

Төтенше жағдай салдарынан бірнеше рейстің кестесі бұзылды.

«Алматы-Бангкок бағытындағы рейс ұшағы дөңгелектердің жер бетімен үйкеспеуінің кесірінен қозғалтқыштардың реверс күшімен жолақ сыртына шығып тоқтауға мәжбүр болды. Ұшақтың тежегіш жүйесі істен шыққан жоқ. Әуе кемесі арнайы техниканың көмегімен тұраққа қойылды. Техникалық қараудан соң ұшақты ары қарай пайдалану мүмкіндігі қарастырылады», – деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бангкокке жетуі тиіс жолаушылар басқа әуе кемесімен 7:35-те ұшып кетті. Бұл төтенше жағдай бірқатар рейс кестесінің бұзылуына себеп болды. Астана әуежайының онлайн таблосында көрсетілгендей, қазір елордадан 11 рейс уақытынан кешігіп отыр. Ал Алматы әуежайында да 10 жуық рейс кешігіп, 4 рейс тоқтатылған. Әуе компаниясы жолаушыларға airastana.com сайты арқылы рейстердің мәртебесін бақылап отыруға кеңес беріп отыр.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Елордалық құтқарушылар екі баланы өрттен аман алып қалды

    Сәрсенбі, 29 Қараша 2017 17:35
Фото: Хабар 24

Елордадағы «Лазурный квартал» ТК өрт шығып, құтқарушылар екі баланың өмірін құтқарды.

Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

«Ағымдағы жылдың 29 қарашасында сағат 10:41 минутта «101» пультіне Сарайшық көшесі 7/3 мекенжайы бойынша орналасқан «Лазурный квартал» ТК-де өрт оқиғасы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына № 16 және 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші қарауылы келді.

Оқиға орнында белгілі болғандай, 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында

жатын бөлмеде тұрмыстық заттар жанып жатқандығы анықталды», – делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ өрт болған пәтерде ересектердің қарауынсыз екі баланың үйде қалғаны анықталды. Құтқарушылар бірден балаларды құтқарып, өртті сөндіруге кірісті.

«Өрт аумағы 18 шаршы метрді құрады. Дұрыс әрі шұғыл жұмыс нәтижесінде 2 бала құтқарылып, 4 адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 16 маманы мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда», – делінген хабарламада.