ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында контрабандалық тауар тәркіленді

    Сәрсенбі, 01 Қараша 2017 19:37

Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті кезекті заңсыз тауар тасымалының жолын кесті.

Жалпы салмағы 10 тоннаға жуықтайтын тауарлар Қырғызстанға жеткізілуі тиіс болған. Бірақ қажетті құжаттары болмаған. Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Алтынкөл» кеден бекетінде 20,5 млн теңгенің заңсыз тауары әшкереленді

    Сейсенбі, 31 Қазан 2017 22:13

Алматы облысындағы «Алтынкөл» кеден бекетінде 20,5 млн теңгенің заңсыз тауары әшкереленді.

Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, импортталған тауар Қырғызстан азаматына тиесілі болып шықты. Қосалқы бөлшектер мен киім-кешек қатталған контрабандалық жүктің жалпы салмағы 10 мың келі. Тексеру барысында заңсыз импорт партиясының тиісті құжаты болмаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оралда мемлекет қаржысын жымқырған басшыға сот үкімі шықты

    Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 13:35

Оралда «Қазгидромет» кәсіпорны Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы басшысы сотталды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Дәулет Оралымбеков 2015-2016 жылдары филиал қызметкерлеріне сыйақы беру, жұмысшының жалақысына үстемақы төлеу және жалған іссапарлар рәсімдеу арқылы мемлекетке жалпы сомасы 4 миллион 700 мың теңге көлемінде залал келтірген. Тергеу барысында кәсіпорын директорының кінәсі толық дәлелденді. Сот Оралымбековтің қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айыруға және 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының бойында есірткі тасымалдаушылар ұсталды

    Бейсенбі, 19 Қазан 2017 08:30

Қызылордалық полицейлер есірткі тасымалдаған екі күдіктіні ұстады. Олар тізгіндеген көлікте 9 келіден астам анаша жасырылғаны анықталды.

Алматыдан Ақтөбеге бағыт алған жеңіл көлікті «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының «Арал-Шеп» бекетінде тексерген. Есірткі затын табуға қызметтік иісшіл иттің көмегі тиіпті. Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар 1968 және 1971 жылы туған Алматы қаласының тұрғындары Арал аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осы сипаттағы 437 қылмыс тіркеліп, 41 тонна есірткі заты тәркіленген.  

Есалы Бектасов, облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға инспекторы: 

-Осы қылмыс бойынша ҚР ҚК 297-бабының бірінші бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы күдіктілердің қылмысы дәлелденген жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айырылады.