Оқиға - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Жұма, 22 Қыркүйек 2017 12:35

«Тянь-Шань» әуекомпаниясының Ми-2 тікұшағы Ақмола облысында апатты жағдайда қонды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сәйкес, экипаждағылар аман. Тікұшақ бортында 3 адам болған. Төтенше жағдай Ақмола облысының Ақкөл ауданында тіркелді. Айта кетерлігі, «Тянь-Шань» әуекомпаниясы Алматыға жақын маңдағы әуеайлақта ұшу және парашютпен секіру қызметтерін ұсынады.  

Жұма, 08 Қыркүйек 2017 10:33

Арқалық қаласында астық алқабында өрт шығып, ер адам қаза тапты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайтыс болған адам көршілес облыстан осындағы шаруа қожалығына жұмыс істеу үшін келген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт қауіпсіздік талаптарын орындамағандықтан болып отыр. «Өндірістегі өрттер қауіпсіздік қағидаларын сақтамаудан, қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен өзіндік қауіпсіздіктеріне салғырт қарауға байланысты жиі орын алады. Бұл жолғы болған өрттің шығуына алдын ала себеп ретінде жұмыскердің мас күйінде темекі шегу барысында отты ұқыпсыз пайдалануы қарастырылып отыр», –делінген хабарламада. Қостанай облысының ТЖД халықты оқыту және ақпараттандыру тобы барлық азаматтарды өрт қауіпсіздік қағидаларын мүлтіксіз орындауға және сақтауға шақырады. 

Бейсенбі, 31 Тамыз 2017 19:36

Таңғы төрттер шамасында Шахтинск қаласындағы «Қазақстандық» кенішінде жарылыс болып, 3 кеншінің қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Апат кезінде шахтада барлығы 132 адам болған, 129-ы жер үстіне аман есен шығарылды. Қазір кенішті газдан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Метан газының жарылысы 614 метр тереңдікте болған. Құтқару жұмыстарына мамандандырылған құтқарушы тобы жұмылдырылып, түске дейін олар өз жұмысын аяқтады. Мамандар апат метан газының мөлшерден екі-үш есе асып кеткенінен деп болжады. Қаза тапқан үңгушілер Рустам Ахметжанов, Валерий Руденко мен Максим Шебанов екені анықталды. Сонымен қатар газбен уланды деген болжаммен ауруханаға тағы 3 кенші жеткізілді.

Айжан Иса, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

–Облыстық медициналық орталықта жатқан адамдардың жағдайлары орташа дәрежеде деп айтуға болады. Қазіргі уақытта оларға барлық медициналық қызмет көрсетіліп жатыр.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының көмір департаменті марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімінің шығынын көтереміз деп отыр. Ұжымдық келісімшарт бойынша бала-шағаларына да қаражат беріледі екен.

Вадим Басин, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:

–Қаза болған кеншілердің отбасына барлық көмектер мен төлемақылар толық төнеледі. Қайғыға ортақпыз, сондықтан бізден материалдық және моральдық қолдау міндетті түрде көрсетіледі.

Арнайы комиссия алдағы 10 күнде апаттың нақты себебін анықтауы тиіс. Апатқа байланысты ҚР ҚК 156 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары шахтадағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуы жөніндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Естеріңізге сала кетейік, соңғы 15 жылда Қарағанды облысында орналасқан кеніштерде болған осындай апаттар 100-ден астам кеншінің өмірін қиды.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин, Асет Асайынов

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.