Оқиға - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017 08:30

Риодағы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов әуесқой боксқа қайтып оралуға дайындалып жатыр.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Сондай-ақ Елеусінов неліктен кәсіпқой боксқа ауыспағанын түсіндіріп берді. «Біріншіден, бұған себеп промоутерлік компания маған қойылған тапсырмаларды орындай алмады. Жалпы жұмысты істей алмады. Бірақ мен дайын болдым», дейді Елеусінов.

«Біз Дычкомен бірге MGA Entertainment компаниясының құжаттарына қол қойғанбыз. Бірақ біз соңында ол келісімшартты үзіп тастадық. Содан менеджерлер бізге басқа промоутерлік компания - Майамиде орналасқан The Heavyweight Factory компаниясын тауып берді. Иван ол компаниямен келісіп, кәсіпқой боксқа кетті. Маған да ұсыныс келді, бірақ мен бас тарттым. Құрамаға қайтып келуді шештім», – дейді боксшы.

Сонымен қатар Данияр Елеусінов алдағы жоспарлары жайлы айтып берді

«Екінші рет Олимпиадаға қатысу қызық болуы мүмкін. Себебі қазақстандық бокстың тарихына екі дүркін Олимпиада чемпионы жоқ. Бірақ неге болмасқа? Тырысып, чемпион болу керек», дейді боксшы.

Елеусінов келесі Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа өтуі мүмкін екенін айтып өтті.

«Бәрі де мүмкін, ұсыныс түсуі де мүмкін. Бірақ мен әлі қажетті ұсыныс естімедім. Сондықтан да әзірше әуесқой бокста қала тұруды шештім. Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін. Ұзаққа созбалаудың қажеті жоқ. Тәжірибе үшін 2-3 жекпе-жек өткізіп, чемпиондық кездесулерге бару керек. Егер, әрине, жақсы промоутер табылса», дейді қазақстандық боксшы.

Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017 21:36

Шымкентте Жамбыл облысы Көксай шатқалында қар астында қалып қаза тапқан жеті сарбаздың өліміне қатысты сот отырысы өтті.

Әскери сотта Қорғаныс министрлігіне қарасты №916/78 әскери бөлімінің бұрынғы штаб бастығы Бақыт Шойбековтің ісі қаралды. Ол қазір Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлімімен айыпталып отыр. Жеті жауынгердің өліміне жол берген бұрынғы штаб бастығы өз айыбын мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізді. Бақыт Шойбеков қызметіне салғырт қарап, ауа райының қолайсыздығын біле тұра, жауынгерлерді жаттығуға жіберген. Естеріңізде болса, Жамбыл облысында Ақсу-Жабағылы қорығына кіретін Көксай шатқалына оқу-жаттығуға барған бір топ сарбаз 17 ақпан күні қар көшкіні астында қалып қойған. 7 жауынгер оқиға орнында қаза тауып, 16 адамды құтқарушылар қар астынан шығарып алған.

Бақыт Шойбеков, айыпталушы:

Өз кінәмді толығымен мойындаймын. Дегенмен сол күнгі оқиғаға қатысты анықтама бере өтсем деймін. 2017 жылдың 17 ақпан күні мен бөлімге уақытша командир ретінде қалдым. Онда күнделікті қаржылық және ішкі мәселелерді шешумен айналысқандықтан, сыртқа жаттығуға кеткен сарбаздарды толығымен басқаруға мүмкіндігім аз болды. Соған қарамастан, қарамағымдағы сарбаздардың қауіпсіздігін сақтай алмағаным үшін қатты өкінемін.

Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017 08:33

Батыс Қазақстан облысында арық ішінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар топырақ астында қалды. «Бір адам оқиға болған жерде қайтты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлайды «Мой город» порталы. БҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметінен хабарланғанындай, болған оқиға жөніндегі хабар 15 тамыз күні сағат 17.30 шамасында келіп түскен. «Ақсайжылуқуат» АҚ жұмысшылары Советская кешесіндегі арықта жұмыстар жүргізіп жатқан. Бір мезетте қабырға опрылып түсіп, жұмысшыларды топырақ басып қалған. Бір адам оқиға болған жерде көз жұмды, екі адамның жағдайы ауыр. Олар Ақсай орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 156 бабы, 3 бөлімі негізінде «Соңы адам өліміне алып келген еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамау» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады БҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин. Төтенше жағдайдың өзге фактілері жөнінде әзірге мәлімет жоқ.

Ақпарат көзі: inform.kz

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.