×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ақтөбе облысындағы жол оқиғасына байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылды

    Бейсенбі, 18 Қаңтар 2018 19:25

Санитарлық авиация бөлімінің дәрігерлері Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы жолаушылар автобусында болған өрттен тірі қалған 5 азаматты облыс орталығына жеткізді.

Аман қалғандардың үшеуі автобус жүргізушісі болып шықты. Олар Шымкенттен, ал қалған екі жолаушы – Өзбекстанның тұрғыны. Өртенген автобуста 52 адам қаза тапты. Оқиға Самара-Шымкент тасжолының 1 068-ші шақырымында орын алды.

Жедел жәрдем пультіне қоңырау Астана уақытымен таңғы сағат 10:30-да түскен. Төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Ырғыз ауданына санитарлық авиация қызметті аттанып, жарақат алғандарды облыс орталығына жеткізді.

Серік Төленбергенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Біз жаңа шұғыл түрде арнайы комиссияның отырысын өткіздік. Төтенше оқиға орнынан жарақат алғандар мен қайтыс болғандардың денесін Ақтөбе қаласына жеткізу туралы шешім қабылдадық. Мәселенің мән-жайын осы жақта анықтайтын боламыз. Өрттің себеп-салдарын криминалист мамандар анықтап жатыр.

Ресми ақпаратқа сәйкес, «Икарус» автобусында 57 азамат болған. Оның тек 5-еуі ғана тірі қалды. 3-еуі – Қазақстан азаматы болса, қалған екеуі – өзбекстандық. Құтқарушылармен бірге оқиға орнына жеткен дәрігерлер зардап шеккендерге дереу көмек көрсетті.

Жасқайрат Сүлейменов, Ырғыз аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Жарақат алғандардың жағдайлары жақсы, алғашқы көмек көрсетілді. Екеуі жарақат алған, үшеуі аман сау. Естерінен айырылмаған, тек қана қолдарының сырты ғана күйген, біреуінде оң қолы, екіншісінде сол қолы.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қосымша ақпаратты арнайы тексеру жұмыстары анықталған соң жариялайтын болады. Әзірге белгілісі төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-ші бөлімі бойынша іс қозғалған.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ баспасөз хатшысы, ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

- Болған оқиға бойынша тексеру жүргізу үшін, сонымен қатар зардап шеккендер мен қаза болғандардың жанұяларына жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы үкіметтік ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның құрамында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Ардақ Мадиев, облыстың құқық қорғау және басқа да органдарының өкілдері бар.

Жедел желі телефоны нөмірлері: +7 7132 56-29-62, +7 7132 56-68-85

Мансұр Есқожин, тілші:

- Құзырлы орган өкілдері қаза болған азаматтардың аты-жөнін анықтау жұмыстарына кірісіп кетті. Арнайы штаб жанынан психологиялық және өзге де көмек көрсету ұйымдастырылған. Төмендегі нөмірлер арқылы жедел желімен байланысуға мүмкіндік бар.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам көз жұмды

    Бейсенбі, 18 Қаңтар 2018 13:00

Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында жолаушылар автобусы өртке оранып, 52 адам көз жұмды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Икарус маркалы автобустан 5 адам өз күшімен сыртқа шығып үлгерген.  Көз жұмғандардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Ақпарат көзі: Aktobenews.kz

СҚО-да өрт оқиғалары жиілеп кетті

    Дүйсенбі, 15 Қаңтар 2018 12:11

Петропавлда жер тұрғын үй отқа оранып, 90 жастағы әжей мен оның 2 жасар шөбересі қаза тапты.

Құтқарушылардың айтуынша, олар өрт кезінде түтінге тұншығып, сол бойда жан тапсырған. Қазіргі таңда қызыл жалын пештен шықты деген болжам жасалып отыр. Аталған оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары басталды. Жалпы өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында 12 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам көз жұмды.

Игорь Балеев, облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

- Жалпы жыл басынан бері өңірде 30 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл сәйкесінші мерзіммен салыстырғанда 15 пайызға артық. Салдарынан 7 адам қаза тауып, бір адам түрлі дене жарақатын алды.

Алматыдан 605 шақырым жерде жер сілкінісі болды

    Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 08:16
alau.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, 2018 жылдың 9 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 06 сағат 05 минут 53 секундта Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 605 шақырым жерде, Тәжікстан территориясында жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.0. Магнитудасы – MPV 5.0. Тереңдігі – 5 шақырым.

Ақпарат көзі: some.kz