×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Оқиға

Қар астында қалып қаза тапқан 7 сарбаздың өліміне қатысты сот отырысы өтті

    Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017 21:36

Шымкентте Жамбыл облысы Көксай шатқалында қар астында қалып қаза тапқан жеті сарбаздың өліміне қатысты сот отырысы өтті.

Әскери сотта Қорғаныс министрлігіне қарасты №916/78 әскери бөлімінің бұрынғы штаб бастығы Бақыт Шойбековтің ісі қаралды. Ол қазір Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлімімен айыпталып отыр. Жеті жауынгердің өліміне жол берген бұрынғы штаб бастығы өз айыбын мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізді. Бақыт Шойбеков қызметіне салғырт қарап, ауа райының қолайсыздығын біле тұра, жауынгерлерді жаттығуға жіберген. Естеріңізде болса, Жамбыл облысында Ақсу-Жабағылы қорығына кіретін Көксай шатқалына оқу-жаттығуға барған бір топ сарбаз 17 ақпан күні қар көшкіні астында қалып қойған. 7 жауынгер оқиға орнында қаза тауып, 16 адамды құтқарушылар қар астынан шығарып алған.

Бақыт Шойбеков, айыпталушы:

Өз кінәмді толығымен мойындаймын. Дегенмен сол күнгі оқиғаға қатысты анықтама бере өтсем деймін. 2017 жылдың 17 ақпан күні мен бөлімге уақытша командир ретінде қалдым. Онда күнделікті қаржылық және ішкі мәселелерді шешумен айналысқандықтан, сыртқа жаттығуға кеткен сарбаздарды толығымен басқаруға мүмкіндігім аз болды. Соған қарамастан, қарамағымдағы сарбаздардың қауіпсіздігін сақтай алмағаным үшін қатты өкінемін.

БҚО-да арық ішінде жұмысшыларды топырақ басып қалды

    Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017 08:33
222.by

Батыс Қазақстан облысында арық ішінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар топырақ астында қалды. «Бір адам оқиға болған жерде қайтты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлайды «Мой город» порталы. БҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметінен хабарланғанындай, болған оқиға жөніндегі хабар 15 тамыз күні сағат 17.30 шамасында келіп түскен. «Ақсайжылуқуат» АҚ жұмысшылары Советская кешесіндегі арықта жұмыстар жүргізіп жатқан. Бір мезетте қабырға опрылып түсіп, жұмысшыларды топырақ басып қалған. Бір адам оқиға болған жерде көз жұмды, екі адамның жағдайы ауыр. Олар Ақсай орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 156 бабы, 3 бөлімі негізінде «Соңы адам өліміне алып келген еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамау» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады БҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин. Төтенше жағдайдың өзге фактілері жөнінде әзірге мәлімет жоқ.

Ақпарат көзі: inform.kz

Таразда лауазымды полицейлер пышақтасты

    Жұма, 11 Тамыз 2017 22:48

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің басқарма басшылары пышақтасты.

Кеше түнде полицияның бұрынғы қызметкері Жетпісбаев және Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің басқарма бастықтары Үмбеталиев пен Бектұрғанов бірге ішімдік ішкен. Бұдан соң олардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Үмбеталиев Жетпісбаевтың денесіне пышақ сұққан және Бектұрғановты жаралаған. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ департамент директоры:

-Осы факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-ші тармағы, 99-бабының 2 тармағы бойынша бұл – өлтіруге оқталу. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Бұл істі Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облыстық прокуратурасынан құрылған ведомствоаралық  жедел тергеу тобы жүргізетін болады. Қазіргі уақытта Үмбеталиевті ұстау шаралары басталды. Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тергеу жүргізілуде. Сонымен бірге Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

Банк қызметкері 12 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

    Бейсенбі, 10 Тамыз 2017 21:35

Банк қызметкері 12 млн теңге жымқырды деген күдікпен полицейлердің қолына түсті.

35 жастағы Ақтөбе тұрғыны қаржы мекемесінде есепші болып жұмыс істеген. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, күдікті қызметтік жағдайын пайдаланып, сеніп тапсырған қаражатты жеке шотына аударған. Заңсыз әрекетті бірінші болып банктің қауіпсіздік қызметі байқаған. Дереу ішкі істер органдарына арыз жазылып, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Нұргүл Қонақбаева, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

-Бұл азаматшаға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 189 бабының 4 тармағымен іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүруде.