ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Алматыдан 115 шақырым жерде жер сілкінді

    Жексенбі, 12 Қараша 2017 12:03
alau.kz

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциясы желісімен бүгін 10 сағат 45 минут 33 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпиорталығы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 115 шақырым жерде орналасқан.

Энергетикалық сыныбы 9.4. Магнитудасы MPV 4.7.

Эпиорталығы с.е. 44.23° ш.б. 76.72° үйлесімі. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 меже бойынша) Күрті ауылында 2 балдық жер сілкінісі сезілді.

Ақпарат көзі: some.kz

18 өзбекстандықты жұмысқа жеккен кәсіпкер қамауға алынды

    Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 20:41

Қостанай облысының полиция қызметкерлері шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған кәсіпкерді қамауға алды.

Тергеу барысында оның қол астында 18 Өзбекстан азаматының жұмыс істегені белгілі болды. Олар сәуір айынан бері диірменде жұмыс істеген. Кәсіпкер олардың жеке құжаттарын тартып алып, ақысыз жұмысқа жеккен. Өзбекстан азаматтары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Себебі олар адам саудасының құрбандары деп танылды және полицейлер мен қоғамдық ұйымдардың қорғауында болады.

Ирина Беженарь, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы: 

– Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлімі, яғни адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кәсіпкердің қылмысы әшкере болса, ол 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ жеке мүлкі тәркіленеді.

Каспийде шетелдік браконьерлер қолға түсті

    Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 20:28

Маңғыстау облысында бір түнде шекара бұзған бірнеше шетел азаматы ұсталды.

Барлығы да Каспий теңізіне бағалы бекіре балығын аулауға шыққан. Әккі браконьерлердің төртеуі – Әзербайжан, қалғаны Дағыстан азаматтары. Түнгі жорықта жүрген заң бұзушыларды «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының қызметкерлері байқап қалған. Қолға түскендердің бір бөлігі Ақтау теңіз порты, қалғаны Баутино порты арқылы Ақтауға жеткізілді. Олардан шапшаң жүретін 2 байда, 110 дана қызыл балық, 2 итбалық және балық аулауға тыйым салынған құралдар тәркіленіп, өздері қамауға алынды.

Ерхат Рафиков, ҚР ҰҚК Шекара қызметі №2201 әскери бөлімі командирінің орынбасары: 

– Олар ешқандай қарулы қарсылық көрсеткен жоқ. Қашып кетпек амалын істеді. Бірақ қашып кетуге олардың шамасы келген жоқ. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол заңды түрде құқық қорғау органдарына жіберіледі. Ары қарай сот шешім қабылдайды.

«Алтынкөл» бекетінде заңсыз тауар тасымалдамақ болған Қырғызстан азаматы ұсталды

    Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 20:05

«Алтынкөл» кеден бекетінде кезекті заңсыз тауар тасымалының жолы кесілді.

Қырғызстан азаматы шекарадан жалпы салмағы 19 тоннадан асатын көліктің қосалқы бөлшектерін алып өтпек болған. Тауардың бағасы 12 миллион 383 мың теңгеден асады. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.